Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жүкті модель желіде мінсіз мүсінін көрсетіп оқырмандарын таңқалдырды

Австралиялық 24 жасар модель Бэлль Лючия жарты жылдан бері өз парақшасында ана болуға дайындалып жүргенін хабарлаған еді. Бірақ сұлудың парақшасына салған соңғы суреттері оқырмандарының қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Star басылымына сілтеп. 

Өз парақшасында күнделікті өмірі мен модельдік саласынан фотосуреттермен жиі бөлісіп тұратын қыз оқырмандарын мінсіз мүсінімен тамсандырып келген. Соңғы салған суретінде жүктіліктің алтыншы айында суды ерекше ұнататынын байқатып бассейіндегі суретін жүктеген. 

Жанкүйерлері үшін бұл күтпеген жағдай болды. Суретке қалай қарасаңыз да жүкті қыздың ішін нақты көре алмайсыз. Көпшілігі Бэлльден диетасы мен жаттығу бағдарламасынан осындай болды десе, екінші бір тобы модельді екіқабатпын деп өтірік айтқан деп айтыптап та жатыр.

Бэлль оқырмандарының ауыр сөздерін түсіністікпен қабылдап бұл генетикаға байланысты екенін және нәрсе әдеттегідей емес арқаға қарай өседі деп айтты. Ол өзін де, баланы да аштықпен қинамайды. Дәрігердің кеңесі бойынша дұрыс тамақтанып және залда жаттығып жүргенін жеткізді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр