Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүкті кезінде қыз ұзата бастаған Альбина Шардарова сөз естіп қалды (видео)

Қыз ұзататын әншілердің қатарына Альбина Шардарова да қосылды. Былтыр ғана ақ босаға аттап, тұрмысқа шыққан әнші енді Жазира Байырбековаға бәсекелес болмақ. Альбинаның жаңа әні көпшілікке ұнағанымен, жұрт ай-күні жетіп қалғанда тойға шыға бастаған әншіні сөгіп тастады, деп жазады Stan.kz.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Әрбір қыз бақытты болуға лайық!❤️ Таңшолпан,жолың ақ болсын☺️🙏 Кешегі өткен тағы бір қуаныштан естелік!🤗 Айтпақшы, арнайы,нәзік жандыларымыз үшін жазылған жап-жаңа әнім!😍 Сіздерге ұнайды деген үміттеміз!☺️ Әні мен сөзін жазып берген: Ерболат Қарақойшы😎 @erbolat_karakoishy 👍 @taushyn_production ұйымдастыру орталығына рахмет🌹 @yerzhan_hassak_zhamenkeyev сіздің домбыраңыздың үні ерекше!☺️❤️ Рахмет🙏

Публикация от Альбина Шардарова👑Сатова☺️🌸 (@albina.shardarova)

Альбинаның "Жүрегімнің иесі" атты әні бүгінде ғашық жандардың әнұранына айналған. Жақында ғана аталған әнге бейнебаян түсірген Шардарова қыздар тарапынан ұзату әніне көптеп ұсыныс түсіп жатқанын жасырмады. Алайда ол кезде сыңсу әнін жаздыруды болашақтың еншісіне қалдырамын, деген еді. Әйткенмен, орайы түссе керек, жас өнер иесі ұзату әнін жаздырып үлгеріпті. Жаңа әннің сөзі мен әнін - Ерболат Қарақойшы жазған. 

Көпшілікке Альбинаның жаңа әні ұнаған. Алайда желідегілер ай-күні жетіп қалғанда тойға шыға бастаған әншіні сынға алып та үлгерген. 

"Аман-есен босанып алсайшы, ән күте тұрады ғой", "Күйеуің асырай алмай ма? Екіқабат кезде де тойға шығып не болды?", "Жүкті кезіңде мынадай көйлек кигенің дұрыс емес, ішіңе тіл-көз тиеді", - деп жазды олар. 

Талқылау