Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Таза емес қартоп пен жуылмаған сәбізді кім сатып алады?": Германиядан келген еріктілерді қазақстандықтардың өмірі шошытты

Германиядан келген еріктілер Иоханна Кальхер мен Яннес Хагенлох Өскемендегі № 12 орта білім беретін мектепте жұмыс істейді. Жастар мұғалімдерге шет тілдерінің сабағын өткізуге көмектеседі, оқушылармен неміс немесе ағылшын тілдерінде сөйлесіп, өздері орыс және қазақ тілдерін үйреніп жұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Суретте: Иоханна Кальхер, Яннес Хагенлох және № 12 мектеп директорының орынбасары Сәуле Нұрғожанова

"Мен Өскеменге 28 тамызда келдім. Оған дейін Қазақстан туралы ешнәрсе білмейтін едім. Өзім үшін жаңа елді ашқым келіп, осында келуге бел будым. Қазақстан, сіздердің үлкен емес қалаңыз, расында, мен үшін жаңалық болды. Көзбен көргенім елестеткенімнен әлдеқайда жақсы болып шықты", - дейді Яннес Хагенлох. 

Еріктілер білім беру жүйесіне назар аударған. Олардың айтуы бойынша, Германияда оқушыларды бірінші кезекте ойлануға және өздігіміен шешімді табуға үйретеді. 

"Бұл барлығының негізі. Оқушы өздігімен шешім шығара білуі керек. Сіздерден мұны көріп тұрған жоқпын. Сосын сіздердің мұғалімдеріңізге артылған жүк тым ауыр! Германияда бірде бір мұғалім оқушысымен қосымша сабаққа қалмайды. Сабақ бітті - болды, мұғалімдер бес минуттан кейін мектептен кетеді. Ешкім ешнәрсе толтырмайды, тексермейді, мұғалімдердің жеке өмірі басталады", - дейді Яннес. 

Еріктілерді супермаркеттер қатты таңғалдырыпты. Иоханна Кальхердің назары жуылмаған көкөністерге және полиэтилендік пакеттерге ауды. 

"Шынымды айтайын, сіздердің азық-түлік сататын дүкендеріңізге таңғаламын. Кір қартопты қалай сатуға болады? Жуылмаған сәбізді кім сатып алғысы келеді? Сосын неліктен көкөністерді бөлек полиэтилендік пакеттерге салады? Менде мұндай пакеттердің толып қалғаны сонша, олар нағыз проблемаға айналды: білмеймін, олармен не істеу керек? Тастай салуыма болмайды - бізге ондайды үйреткен жоқ. Германияда барлығы сөмкелерімен немесе қағаз пакеттерімен келіп, барлығын соған салады...целлофан қаптар жоқ!' - деп таңғалды Иоханна Кальхер. 

Иоханна мен Яннес орыс және қазақ тілдерін бірге үйреніп жүр. Сонымен қатар, еріктілер нағыз қысты көргісі келетінін тілге тиек етті. 


 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде анасымен бірге оңалту орталығына барған мүгедек оқушы үйіне жүкті болып қайтты

Қала мектептерінде үш оқушы қыз жүкті болып қалған

Диета мен жаттығуға бас қатырмасаңыз болады: Ғалымдар арықтаудың ең оңай жолын тапты

Эксперимент жүргізуге 12 апта жұмсалды

Көпбалалы отбасыға 20 мың беремін деген Гүлнәз Жоланова уәдесін ұмытып кеткен

Мұхит Сапарбаев артынша қуып жүріп 10 мың теңге алғанын айтты

"Сен ешкімге керек емессің!": Күйеуі 15 жасында тұрмысқа шыққан әйелінің мұрны мен қабырғасын сындырып жіберген

Қазір "Олимптің" басқа да экономикалық қылмысқа қатыстылығы тексеріліп жатыр

Жұмыссыз қалған қазақстандық әйелін ұрып, ішіндегі баласын түсіріп тастады

Күйеуі ауруханаға түскен әйелін бір де бір рет іздеп келмеген

Баландин АҚШ-тағы олимпиададан алтын алды

Ал екінші және үшінші орын АҚШ спортшыларына бұйырды

Бауыржан Есебаев: Маған әнім үшін төсек қатынасын ұсынған қыздар көп болды

Алайда сазгер бұл ұсыныстардың бәрінен бас тартқанын айтады

Көлік 16 метрге дейін сүйреді: Мүгедек болып қалған әйел кінәлі жүргізушінің тайраңдап жүргенін айтты

Ер адам ақшаны еміңізге берейін деп көлікті тұрақтан шығартып, кейін ғайып болған

АҚШ-тағы сұлулық байқауында жеңген ару: Қазақтың "ұят болады" деген сөзі дамуыма кедергі келтірді

Ақерке Ысқақ бала күнінен шетелде тұруды армандағанын айтады

"Төбеме жай түскендей болды": Димаш бақилық болған тыңдарманының жақындарына көңіл айтты

Әнші Лейсан есімді арудың арманын орындаған еді
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр