Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жолкөлік апатынан қайтыс болған 22 жасар Саида Абдолланың өліміне қатысты тың дерек

Қызылордада жолкөлік апатынан қайтыс болған 22 жасар Саида Абдолланың өліміне қатысты тың деректер шыға бастады. Қызды қағып кеткен 14 жасар Сабыржан Жәдігеровке қатысты сот үкіміне қыздың туыстары риза еместігін бұған дейінде айтқан еді. Енді жеткіншектің анасы әділдік сұрап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеп.

сабыржан

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жасаған үндеуімде барша қазақ халқынан, Саида Аболланың отбасынан және өзінен кешірім сұраған едім. Машинаның кілтін өзім алғанымды және бұл апатқа кінәлі тек өзім екенімді айттым",- дейді Сабыржан Жәдігеров. 

Қайғылы оқиға өткен жылдың 22 желтоқсанында орын алған еді. Саида Абдолланың туыстары қызды қағып кеткен баланың анасы Надежда Теннің машина кілтін баласына өзі бергеніне сенімді. Бұл үшін әйелге үш жыл бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

Бұдан бөлек қайтыс болған қыздың туыстары моральдық залал үшін Сабыржан Жәдігеровтың ата-анасынан 530 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуді талап етіп отыр. Ал, Надежда Тен қайғылы оқиға болған күні өзін жайсыз сезінгенін, ұлының машинаны айдап кететінін білмегенін айтады.

"Олар менен материалдық залал үшін 30 миллион, моральдық залал үшін 500 миллион төлеуімді талап етіп отыр. Мұншама ақша қайдан болсын? Мен олардан өзімді айыптамау туралы ешқандай да құжаттар мен қағаздар толдыруды өтінген жоқпын. Туыстарның алдында аяғына жығылып, тізерлеп тұрып кешірім сұрап жалындым", - деп ағынан жарылды Надежда Тен.

Естеріңізге сала кетейік, қызды қағып кеткен автокөліктің жүргізушісі 14 жасар бизнесменнің ұлы болған. 2019 жылдың ақпан айында ЖКО фактісі бойынша жүргізілген сотқа дейінгі тергеу жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа толмағандықтан тоқтатылған еді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр