Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолаушы ұшу кезінде сынып кеткен ұшақ қозғалтқышын видеоға түсіріп алды (видео)

Delta әуе компаниясының жолаушысы рейс кезінде ұшақтың қозғалтқышы сынып кеткенін видеоға түсіріп алды. Ол видеоны желіде жариялаған. 

Жолаушы ұшу кезінде сынып кеткен ұшақ қозғалтқышын видеоға түсіріп алды (видео)

Бұл туралы АВС порталына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Логан Уэбб түсірген видео кадрларында қып –қызыл болып қызыған қозғалтқыштың ішінде ажырап қалған бөлігінің айналып жатқаны көрінеді. 

Бұл кезде Delta әуе компаниясының ұшағы Атлантадан Балтиморға бағыт алған екен. Әуе кемесі ұшып шыққаннан бір сағат өткеннен кейін экипаж қозғалтқыштардың біріндегі ақау туралы хабарлапты. 

Ұшқыштар Роли-Дарем халықаралық әуежайына шұғыл түрде қонды. Оқиға салдарынан ұшақтағы 148 жолаушының ешқайсысы зардап шекпеді.
 

Талқылау