Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол жөндеушілер "Алматы-Көкпек-Көктал-Хоргос" тас жолының екі учаскесінде су шаюдың алдын алды

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ өкілдері "Алматы-Көкпек-Көктал-Хоргос" тас жолының 139 және 142-шақырымында су шаюдың алдын алғанын мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

су ағу

Жол жөндеушілер республикалық тас жол бойына құм сепкен, осылайша еріген қар суының ағынын тоқтатқан. Қар суы көқпір астымен ағып жатыр. 

"Қазір жағдай тұрақты. Учаскелерде арнайы техника жұмыс істеп жатыр, қажет жол белгілері орнатылды. Жол қозғалысына енгізілген шектеулер жоқ. Тасжол тәулік бойы "ҚазАвтоЖол"ҰК"АҚ Алматы облыстық филиалының ерекше бақылауында болады", – делінген хабарламада. 

Еріген қар суы күн райының жылынып, тау бөктеріндегі қардың қарқынды еруіне байланысты пайда болды.

Назархан Уән
Сейсенбі, 21 Ақпан, 2023 07:39