БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жол картасы не себепті бұғатталады? Астана LRT өкілі жауап берді

Желі қолданушысы не себепті жол картасын екі ай ішінде құлыптайтынын, оны ашудың жеңіл жолы ұсынылмағаны жөнінде сауал қойды.Бұл жайлы Астана LRT өкілі Stan.kz тілшісіне жауап берді. 

"Екі ай автобус картасын қолданбадым. Картаға ақша құйдық. Анам бір күннен соң автобуспен жолға шықты. Картада ақша болған жоқ. 180 теңге төлеуге тура келді. 109 нөміріне хабарласып еді, картаны қолданбағандықтан оны құлыптап тастағанын айтты. 

Енді менің сұрағым: осындай аз ғана уақытта картаны құлыптап тастау қаншалықты дұрыс? Ал, ең қызығы, тек ЖРТ терминалы жанынан құлыпты ашу керек екен. Анам Тельманда тұрады, ең жақын ЖРТ Министрлер үйінің жанында", - деп жазды тұрғын желіде.

Бұған Астана LRT өкілі жауап берді. 

"Біздің көлік карталарымыз бұғатталмайды және оны бір рет сатып алған соң қалағаныңызша қолдана бересіз. Ал енді постыға қатысты жағдайға тоқталайын. Егер де осы картаға ақшаны автомат немесе арнайы касса арқылы салсаңыз, қаражат бірден түседі. Кейін оны активтендіру қажет болмайды. Ал егер сіз сайт немесе интернет-банкинг арқылы қашықтықтан толтырсаңыз, онда активтендіру міндетті түрде қажет болады. Ол үшін картаны автобустағы валидаторға қойып, хабарлама шыққанша күтесіз", - дейді Астана LRT өкілі Әлия Жарқынбаева.

Сондай-ақ, ол картаны қашықтықтан ақша салған соң 30 күн ішінде активтендіру қажет екенін айтты. Ал бұлай жасамаған жағдайда картадағы сома көрінбей қалады. 

"Егер 30 күн ішінде активтендіріп үлгермеген болсаңыз, бізге хабарласып, карта нөмірін жіберу қажет. Сондай-ақ, картада қанша ақша барын сайт арқылы тексеруіңізге болады. Тұсында "Осыншама сома активтендіруді қажет етеді" деп жазылып тұрады", - дейді компания баспасөз хатшысы. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр