Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол инспекторның талабын тыңдаған жоқ: Алматыда той кортежі екі полицейді қағып кетті

Алматыда полицейлерден жасырынған кортеж екі полиция қызметкері қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жол инспекторарының талабын тыңдаған жоқ: Алматыда той кортежі екі полицейді қағып кетті

Алматы қаласының полиция департаментінің хабарлауынша, шілденің 2-сі күні әкімшілік полиция басқармасының жол-патрульдік полиция бөлімшесінің мамандандырылған батальонының мүшелері әл-Фараби даңғылында жол қозғалысы ережелерін қатаң бұзған автокөлікті байқады.

"Жүргізушілерді Жароков көшесінің қиылысында тоқтатпақ болды. Алайда олар инспекторлардың талабын елемеді. Ереже бұзғандарды шығыс айналма жолында тоқтату үшін полицейлер бірнеше көліктің жүруіне тосқауыл болды, бірақ одан да нәтиже болған жоқ. Toyota Camry автокөлігі полиция лейтенанты Мақсат Қилыбаеваны қағып кетті. Қуанышқаорай, ол автокөліктен қашып үлгерді. Сондықтан жарақаты ауыр болған жоқ. Дәл сол уақытта, кортеждегі "Лада Приора" автокөлігі полиция капитаны Жандос Бұғаловқа қарсы жүрді. Полицейдің тізесі жарақаттанды. Кейін полиция көлігін қағып, әрі қарай жүре беді. Инспектор көлігіне отырып, соңынан қуа берді. Сахариева көшісінде кортеждің үш көлігін тоқтатты. Көліктен Ұзату тойынан" қайтқан жастар болды. Оның ішінде қалыңдық та болған", - деді Алматы полиция басқармасының әкімшілік полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Жандос Мұраталиев.

Toyota Camry көлігінің жүргізуші Мамытжанов А.Б 1996 жылы туған азамат.  Оған "Полиция қызметкерінің талаптарын орындамау", "Мемлекеттік тіркеу белгілерінсіз көлік құралын басқару" бабы бойынша екі әкімшілік іс толтырылды. 

"Лада Приора" көлігін Хамза Е.М есімді 1998 жылы туған азамат басқарды. Оған қатысты "Көлік терезелерінде перделерді пайдалану", "Көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз жүргізу", "Сақтандыру полисінің болмауы", "Автоматты әйнектегі тонерді пайдалану" бабы бойынша 4 әкімшілік іс толтырылды. 

Сонымен қатар екі көлік жүргізушісі полиция қызметерлерін қаққаны үшін және жол көлік оқиғасын жасағаны үшін заңға сәйкес жауап береді. 

Талқылау