Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жоғары қабаттан құлаған қызды құтқарып қалған Павлодар тұрғыны марапатталды

Терезеден құлаған баланы құтқарғаны үшін Павлодар қаласының тұрғыны Александр Жұмабаевқа миллион теңге сыйақы берді. Ер адам қызды қағып алуға үлгермесе де, алғашқы жедел медицаналық көмек көрсетіп, кішкентай қызды аман алып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 2018 жылдың қазан айында болған. 41 жастағы Александр Жұмабаев әйелін жұмыстан күтіп алуға шыққан. Сол кезде Павлодар қаласының Катаев көшесіндегі алты қабатты ғимараттың жанынан өтіп бара жатып, жоғарыдан құлап келе жатқан затты көрген.

"Бұл москит торы болды. Инерция бойынша басымды көтердім, баланың құлап келе жатқанын көрдім, екі метр қашықтықта. Мен жүгіріп, оны ұстауға тырыстым, бірақ үлгермедім. Қыз үйдің терезелерінің астындағы кішкентай бұталарға құлады, мүмкін солар соққыны жеңілдеткен шығар", - деді ер адам.

Баланың қозғалып жатқанын көріп, ер адамның көңілі жайланады. Кішкентай кезінде сәтсіз құлағанда мұғалімі қалай құтқарып қалғанын есіне түсіріп, қызға көмектесе бастайды. Жасанды тыныс бергеннен кейін қыз дем алды. Александр жедел жәрдем шақырады. Анасы қызын  үйіне апарғысы келеді, бірақ ер адам бермей қояды. Ол баланың омыртқасы зақымдануы мүмкін деп қорқады. Дәрігерлер келгенше қызды қолында көтеріп тұрады.



Абырой болғанда, баланың жарақаты ауыр алған жоқ. Қыз облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімшесінде болған кезде Александр Жұмабаев оны көруге барған.

Ер адам әрекетін ерлік деп бағаламайтынын, орнында кез келген адам осылай жасайтынын айтты.

Алайда 2021 жылы Александр Жұмабаев Adam BOL AWARDS бірінші жаһандық қазақстандық сыйлығының 12 лауреатының қатарына кіріп, миллион теңге алды.

"Ел өзінің нағыз батырларын білсін. Отандастарымыздың игі істері мен күнделікті қарапайым ерліктері батырлар тумайтынын, олар қалыптасатынын дәлелдейді", - деп атап өтті жоба дирекциясы.

Талқылау