Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жоғалған куәліктер арқылы банктен миллиондап несие алған адам іздестірілуде

Алматыда азаматтардың сыртынан несие рәсімдеген алаяқ іздестірілуде. Жасы шамамен 45-50-лердегі ер адам жұрттың жоғалтқан куәліктерімен банктерге барып, қарыз алып отырған. Ал несиені таратқан банк менеджерлері өздерінің де алаяққа алданғандарын айтып ақталып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп.  

алаяқТаспаға түсіп қалатынын біле тұра, батылы жетіп жұрттың сыртынан несие алған адам осы. Ал қарызды ол бір емес, үш бірдей банкте рәсімдеген. Әншейінде ақшаға келгенде есебі мықты мекемелердің қызметкерлері келген клиентке, қолындағының бөтен құжат екенін байқамай, 2 миллион теңгеден астам қарызды ұстата салған.

"Банктерге барып несие алған. Тауар несиелерін де алған. Міндетті түрде бұл азамат ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады", - дейді Алматы қаласы Полиция департаменті ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Алаяқтың аты-жөні әзірге белгісіз. Дегенмен, Батыс Қазақстан тұрғыны деген болжам бар. Өйткені айналдырған бір күннің ішінде сол өңірден бірнеше адам оған алданғандарын айтып қоңырау шалыпты. Бұл оқиға бойынша банк қызметкерлерінен де жауап алынған. Бірақ бәрі де судан таза, сүттен ақ боп шығыпты.

Дәл осындай жағдай Марат Әбдірахмановтың да басынан өткен. Әлдебіреулер бес жыл бұрын жоғалтқан куәлігі арқылы банктен жарты миллионға жуық несие алған. Ол туралы алматылық жарты жылдан соң бір-ақ білген. 

"Автосалоннан несиеге көлік алмақ болдым. Бірақ, банк маған несие беруден бас тартты. Маған жарты жыл төленбеген қарызымның барын айтқанда, қайтерімді білмей қалдым. Несие алмағанымды дәлелдеу үшін көп қиналдым", - дейді Марат Әбдірахманов.

Марат Әдбірахманов боп қарыз алғандар сол ұстатпай кеткен. Бір қызығы, жігіттің осыншама үстемақысы өсе тұра, банк оны іздемеген. Тіпті шотын да бұғаттамаған. Сол себепті, білмей жүре берген. Кейін таспадан белгілі болғандай, ақшаны оған мүлдем ұқсамайтын адам алған. Ал банктегілер бұлай болуы мүмкін емес деп отыр.

"Клиенттің өзі келмей біз несие бермейміз. Ондай жағдай мүмкін емес. Қарызға ақша бермес бұрын барлық мәліметті талап етеміз. Туыстарының нөмірлері алынады. Жұмыс орны туралы ақпарат. Одан бөлек, өзін де суретке түсіреміз", - дейді банк өкілі Ләззат Есмұрзаева.

Алаяқтардан сақтанудың бір жолы бар. Ол смс-хабарлама. Бірақ ол үшін ай сайын 200 теңге төлеп тұру керек.

"Сізге хабарлама келеді. Яғни, ондай хабарлама келген кезде сіз банктің өзіне барып, мен ешқандай несие рәсімдеп отырған жоқпын деп айтуыңызға, өтініш жазуыңызға құқығыңыз бар", - деп түсіндірді кредиттік бюро қызметкері Индира Қарлыбаева. 

Осы кезге дейін тұрғындарлдың жүйкесіне тиетін мұндай әрекеттері үшін ешқандай банк жауапқа тартылмаған. Жалпы, Алматыда жыл басынан бері осындай алаяқтыққа қатысты 17 адам ұсталған. Олар 60 адамның үстінен несие алып, кейбірінің, тіпті, банк карталарына дейін қол салған. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр