Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теледидарды қосып қалған анасы жоғалып кеткен қызын көріп қалған

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатының тұрғыны Джилл Роузноу өзінің жоғалып кеткен қызын телевизиялық бағдарламаның көмегімен тауып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жоғалған қызын теледидардағы бағдарламаның арқасында тауып алған

Сурет: thehollywoodunlocked.com сайтынан

Әйел арналарды ауыстырып жатып, Денверде үйсіз қалған азаматшаның сөзін естіп қалады. Роузноу сюжеттегі кісі өзінің жазда үйінен кетіп қалған қызы екендігін танып қояды. Жоғалып кеткен қызы есірткіге тәуелді көрінеді, сол себепті жақындарына ауыртпашылық түсіргісі келмеген. 

Элис Кроуфордты іздеуге Роузноу бүкіл туыстарын шақырған. Денвер қаласында жоғалған бойжеткенді іздестіруге екі күнге созылған. Ақырында Роузноудың туыстарының бірі қызды теміржол станциясының дәретханасында жолықтырып қалыпты. 

«Мен бұл әжетханаға кездейсоқ кіргенмін. Ол жердегі бөлмелердің бірі бос емес еді. Сол бөлмеде Элистің есікті аша алмай көмекке шақырып жатқан даусын естіп, танып қойдым», - деді Роузноудың туысы. 
 

Талқылау