Жириновскийдің ұлы 15 күнге қамауға алынды
Сот Владимир Жириновскийдің ұлы Олег Эдельштейнді 15 күнге қамауға алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Риа Новости сайтына сілтеме жасап.

Олег Эйдельштейн Мәскеу мейрамханаларының бірінде төбелескені үшін полиция бөліміне жеткізілді. Ол полицейлерді қорлап, содан кейін біреуін ұрды.
"Оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды", – деп хабарлады сотта.
Бұл Эйдельштейннің бірінші төбелесі емес. 2021 жылдың сәуірінде Солтүстік Осетияның бұрынғы басшысының ұлы Зелимхан Битаров Внуково әуежайында Олег Эйдельштейнмен төбелесті.
Владимир Жириновский 2022 жылдың 6 сәуірінде ауыр және ұзаққа созылған аурудан кейін көз жұмды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген