Жылдам шешім, қаржы кез келген карточкаға.

Цифрлық жүйе ауылдарға бет алды

Кәсіп ашуға, ауыл шаруашылығын дамытуға немесе тұрмыстық қажеттіліктерге кез келген уақытта қаржы керек болып қалуы мүмкін. Керек болып қалғанда да шұғыл, көп құжат жинамай, онлайн түрде, қалаған карточкаңызға аударылғанын қалайсыз.
Ол мүмкін бе? Бүгінгі материалымыздан осы жөнінде көптеген мағлұмат ала аласыздар. Бұл жолғы қонағымыз – қаржы саласының хас маманы, банк саласына
15 жылдан аса уақытын арнаған, қазіргі таңда KMF компаниясының Сату және аймақтық желіні дамыту департаментінің директоры Арман Абылайхан.

Арман Абылайханұлы, уақытыңызды бөлгеніңіз үшін рақмет, ең алдымен KMF компаниясы туралы қысқаша айта кетсеңіз.

Арман Абылайханұлы, уақытыңызды бөлгеніңіз үшін рақмет, ең алдымен KMF компаниясы туралы қысқаша айта кетсеңіз.

KMF - нарыққа 1997 жылы келген компания. Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі микроқаржы ұйымы. Қызмет еткен жылдары 750 мыңға жуық клиентке қызмет көрсетіп үлгерді. Біз бизнесті дамытуға 3 миллионнан аса микрокредит бердік, олардың жалпы сомасы шамамен
1,5 трлн теңге. Қазіргі таңда кредит портфеліміз 200 млрд теңгеден асады. Ал клиенттеріміздің саны 250 мыңнан жоғары. Олардың 117 мыңы – әйелдер (46%).

KMF-тің филиалдар желісі өте ауқымды, соның арқасында микробизнесті қолжетімді қаржыландырумен жедел қамтып отырмыз. Бізде еліміз бойынша
14 филиал мен 117 бөлімше бар. Олардың 60%-дан астамы шалғай аудандар мен ауылдық жерлерде орналасқан. Біз ауылдық 154 мың кәсіпкерге қызмет көрсетеміз, олардың 80 мыңы – әйелдер.

Арман Абылайхан

Қазіргі таңда барлығы цифрландыру жүйесіне бет алды, бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

Қазіргі таңда барлығы цифрландыру жүйесіне бет алды, бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

Біз 2020 жылдан бері бизнес-процестерді цифрландыруға көштік. Бүгінгі таңда клиенттеріміздің басым бөлігі бізбен онлайн жұмыс істейді, яғни мобильді қосымшамыз арқылы. Оның көмегімен микрокредит рәсімдеп, ай сайынғы төлемді жүзеге асыруға болады. Біз құжаттарды қағаз түрінде қабылдауды барынша қысқарттық. Сонымен қатар, микрокредит алуға өтінімді қарастыру және микрокредит беру уақыты да қысқартылды.


KMF клиенттеріне жаңа, сандық форматта қызмет көрсетуге көшуде. Өткен жылдың соңында Алматыда тұңғыш Smart-кеңсемізді аштық. Клиенттерге қызметті пайдалану ыңғайлы болу үшін кеңсе ішінде бірнеше арнайы аймақ қарастырылған, мәселен Android және IOS базалары орнатылған планшеттер арқылы тұтынушылар өзіне-өзі қызмет көрсете алады.

Арман Абылайхан

Клиенттеріңіздің басым бөлігі ауылдық жерлерде дедіңіз, яғни Интернет, база дегеніңіз қолжетімсіз болуы мүмкін, микрокредит алу кезінде жылдам шешім шығару үшін қандай шаралар қолданылады?

Клиенттеріңіздің басым бөлігі ауылдық жерлерде дедіңіз, яғни Интернет, база дегеніңіз қолжетімсіз болуы мүмкін, микрокредит алу кезінде жылдам шешім шығару үшін қандай шаралар қолданылады?

Біздің барлық бөлімшелеріміз заманауи технологиямен жабдықталған, менеджерлеріміздің барлығы планшеттермен қамтылды. Біз клиенттерімізге мобильді қосымшамызды қолданып, әрдайым онлайн болуды үйретеміз, осылайша цифрландыру жүйесін дамыту арқылы ауылдық жерлерде тұратын клиенттеріміздің бізбен жұмыс істеуін жеңілдетуге бар күшімізді саламыз. Менеджерлеріміз планшеттің арқасында қысқа уақыт ішінде микрокредит рәсімдеп, өзге де операцияларды сол жерде бірден жүзеге асыра алады.

Арман Абылайхан

Халықтың қаржы сауаттылығын көтеру мақсатында компания қандай іс-шараларды жүргізеді?

Халықтың қаржы сауаттылығын көтеру мақсатында компания қандай іс-шараларды жүргізеді?

Осы ретте тағы бір мәрте еске сала кетейін, KMF классикалық микроқаржыландыруды ұстанатын компания. Микроқаржыландыру саласының шығу тарихына үңілетін болсаңыз, бұл сала күнделікті тұрмысқа қажеттілік үшін қаржы беру үшін құрылмаған, бұл сала шағын кәсіпкерлікті қаржыландырып, дамытып, елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды көтеру үшін құрылған сала. Микроқаржыландыру десе барлығы бірдей еңбекақыға дейін ақша ала тұратын жер немесе ломбард деп ойлайды. Мұның барлығы қате ұғым. KMF құрылған сәттен бері бір сәтке де бастапқы принциптен ауытқыған емес. Айтқанымдай, клиенттеріміздің басым бөлігі – кәсіпкерлер. Ал KMF-тің ерекшелігі сол клиенттеріне микрокредит беріп қана қоймай, олардың кәсібін одан әрі бірге дамытуға мүдделі болуында. Олай дейтінім, біздің әр клиентіміздің жеке менеджері бар. Әр жеке менеджер – жеке сарапшы, өз ісін жіті білетін, оқытылған хас маман. Олар әр клиентінің тарихын, даму барысы мен кәсібінің ахуалын бес саусағындай біледі. Керек кезде кеңес беріп, кәсібінің дамуына барынша ықпал етеді. KMF клиенттерінің қаржы сауаттылығын көтеру мақсатында «KMF-Демеу» корпоративтік қорымен бірлесе тегін сабақтар да өткізеді, арнайы шығарылған кітапшаларымыз да бар. Сабақтар оффлайн түрде де, онлайн түрінде де жұмыс істеп тұр.

Арман Абылайхан

Бизнес ашуды жоспарлап отырған адамдарға бірінші кезекте қандай кеңес берер едіңіз? Бірінші кезекте нені білу керек?

Бизнес ашуды жоспарлап отырған адамдарға бірінші кезекте қандай кеңес берер едіңіз? Бірінші кезекте нені білу керек?

Бірінші кезекте қаржылық сауаттылықты арттыру керек. Көптеген адам смартфон немесе басқа да заттарға тұтынушылық несие көп алады. Бірінші кезекте, бұл өзіңізге қажет пе, соны бағалай білу керек. Сіз несие алатын кезде, бизнес ашқан уақытта осы үшін жауапкершілік арқалайтыныңызды ұғыну керексіз. Кәсіп ашу үшін бизнес жоспарыңыз болсын. Біз бөлімшелерімізде бизнес жоспарды жасауға қатысты да сауатты кеңес бере аламыз. Менің ойымша, кәсіп бастамас бұрын мақсаттың айқын әрі берік болуы аса маңызды. Кез келген форс-мажорлық жағдайларға төтеп беруге дайын болған абзал және болашаққа жоспар құра білу керек.
Арман Абылайхан

Сұхбатыңыз үшін көп рақмет!

Сұхбатыңыз үшін көп рақмет!

Еске салайық, KMF – Орталық Азия мен Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы. Компания шағын және орта бизнеске, ауыл шаруашылығына, жеке мақсаттар үшін және автокөлік сатып алуға микрокредит өнімдерін ұсынады, толығырақ kmf.kz сайтынан немесе ұялы телефоннан тегін қоңырау шалуға
болатын 7474 байланыс орталығынан білуге болады.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы

Қолдауымен дайындалған материал