Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Жиырмадан асқан қызға ұқсайсың": Жас жігіттер 51 жастағы анаға ғашық болып, сезімдерін білдіруде

АҚШ, Калифорнияда тұратын Лаура Хейккиленің жасы елуден асқан. Алайда, ол әлі күнге дейін жігіттердің арманы. Хейккиленің суреттеріне қарап-ақ оның сұлулығына тамсанатын ер азаматтарды түсінуге болады, деп жазады Stan.kz.

Лаура отыз бес жасына дейін дене пішімін қалыпқа келтіруді, денсаулықты бақылаумен айналыспаған. Зиянды тамақтарды жеп жүрген ол залға барып жаттығу туралы ойланбаған да. Жастық шағының арқасында арық әрі сүйкімді ару қалпында тіршілігін жалғастыра берген. Тек отыз беске келіп, бала босанғанда ғана Лаура өз-өзін міндетті түрде қолға алып, сұлулықты жоғалтпау керектігін түсінген. 

Ол өзінің тамақтану рационын өзгертіп, ауыр атлетикаға қатты қызыққан. Калифорния тұрғыны спорттың бұл түрімен он бес жыл бойы айналысады. Ауыр атлетикаға қызыққалы бері Лаураның өз-өзіне деген сенімі артқан. Дене пішіміндегі өзгерістер де әйелді қуантқан. 

Бүгінде Лаура "Инстаграмдағы" танымал тұлғалардың бірі. Оның парақшасында жиырма жеті мыңға жуық оқырман бар. Лаура — жаттықтырушы, холистика медицинасының докторы. 

Америкалық әйелдің сөзінше, оны ер адамдар кездесуге жиі шақырады, оған жиі көңіл бөледі. Жасы елу бірде екеніне сенбейді, деп жазады Daily Mail. Ал Лаура жиырма жыл бұрын шаңырақ көтерген, ол өзінің жарымен бірге бақытты өмір сүріп жатыр. Лаураның күйеуі де спортпен шұғылданады.

 "Кейде менің инстаграмым жекеме шығып жазатын жігіттердің есебінен танысу сайтына ұқсап кетеді. Маған: "Жиырмадан асқан қызға ұқсайсың, шыныменде жасың елуде ме?" деген жазбалар қалдырады", — дейді ол.

51 жастағы өзін мысалға ала отырып, ол әркімнің жақсы жаққа қарай өзгеріп кете алатынын түсіндіріп, адамдарды шабыттандырғысы келеді. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бала ауырса, ата-ана қарым-қатынасына мән бергені жөн": Ментальды ауытқуы бар адамдарды қалай емдеуге болады

Маман ментальды ауытқуы бар адамдарды еңбектің көмегімен емдеуге болатынын айтты

"Тығып қойған ақшамның бар екенін ұмыттым": бойжеткен миллиондап жинаған ақшаны аққұмырсқалар жеп қойды

Бойжеткен жергілікті банкке барып, бір миллион рупийін ауыстырып алды

Қатыгез балалар: Нұр-Сұлтан тұрғыны итті оны өлтіре жаздаған жасөпірімдерден құтқарды (видео)

22 тамыз күні 12, 10 және 7 жастағы төрт жасөспірімнің итті ағашқа байлап, ұра бастағандығы белгілі

Шымкентте Ұлттық гвардия жауынгерлері матч кезінде алаңға шығып, төрешіні қорғады

Футболшылар төрешімен сөзге келіп қалды

"Барма, әйтпесе түтіп жейді": Желіде Назарбаевтың кеншілердің алдында сөйлеген сөзінің видеосы пайда болды

Ол жылдары еліміздің тұңғыш президенті Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы ретінде қызмет еткен

"Кез келген уақытта жарылып кете салуың мүмкін": Кеншілер еңбегін жоғары бағалауды сұрады

Ержан Қонақбаев: Алатын ақшамыз үшін шүкір, бірақ еңбегіміз бұдан да жоғары бағаланса жақсы еді

Қатерлі ісікке шалдыққан спортшыға шұғыл түрде донор қажет

"Тобол" клубының экс-футболистіне диагноз шамамен үш жыл бұрын қойылған

Тоқаев Қазақстанда жаңа университет ашуды тапсырды

Президент елдің ең көрікті жерлерін шетелге танытып, көрсетудің маңыздылығына тоқталды

"Димаш ішпейді және шекпейді": әншінің жанкүйерлері желіде тараған суретті талқылап, өнер иесінің сөзін сөйледі

Кейбір адамдардың көзіне Димаш темекі ұстап тұрғандай көрінген

Азаматшасы күйеуін "қатты жақсы көргені үшін" сотқа берді

Ер адам әйелінің орнына бірнеше рет үй жинап, тамақ әзірлеген. 
Çàãðóçêà...