"Жігіттер" тобының құрылуына "Мұзарттың" үлесі зор: Бағлан Әбдірайымов шындықты айтты

Бағлан Әбдірайымов шындығын бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі желідегі парақшасында ешкім білмейтін тың жаңалықтарымен бөлісті. "Жігіттер" тобы енді ғана сахнада өнер көрсетіп келе жатқан кезде, жандарына ертіп жүріп, бағыт-бағдар берген ағаларына да алғыс айтуды ұмытпады. Тіпті поезд вагонына алғаш отырған кезде қалай таңқалғандарын айтты.

"Ортаға өнеріңмен емес мінезіңмен жағасың! "Жігіттер" болып, Алматыға жаңа қоныс аударып, алғашқы ән сапарымызда Мейрамбек Бесбаев, Мақсат Базарбай ағаларымызбен сапарлас болып едік. Алматы - Шымкент бағытында жүретін "Отырар" поезды. Екі ортаны Автобуспен жүріп жүрген біз үшін "бизнес класс" болып саналды сол кезде. Бір купеде таңға дейін аузымыз ашылып ағамыздың әңгімесін тыңдап, кезек-кезек төртеуміз "мен мықты айтам дегендей" ән айтып жол қысқарттық. "Ерке қыз" әнін қосылып та орындадық", - деп өткенін есіне алды өнер иесі.

Мейрамбек Бесбаевты жер көкке сыйғызбай мақтаған ол "Жігіттер" тобының құрылуына "Мұзарттың"  әсер еткені туралы ашық айтты. Мұзарттықтар інілерін бізден де мықты боласыңдар деп қанаттандырған көрінеді. Айтқандары аумай келді деп алғысын жеткізді Бағлан Әбдірайымов.

"Сонда Мейрамбек ағамыздың айтқаны есімде. "Керемет жігіттер, жолдарың болсын! Сендер Мұзартты басып озасыңдар" - дегенде, сасқалақтап қалдық. "Жоқ аға, қайдан?" - деп таңырқап қалдық. "Озасыңдар, тек бойдақтықтарыңмен" - деп жымиып күлді. Уақыт өтіп ел арасында жүріп, "Мұзарт" тобымен теңсіңдер, оздыңдар, Қазақстанда екі топ бар, олар сендерсіңдер деген жылы сөзді көп естіп жүрдік! Төртеуміз де отбасылы болған соң, оздыңдар деген сөзді естуді қойдық. Естімей жүргеніміз де жақсы еді. Өйткені, "Жігіттер" тобының құрылуына "Мұзарт" тобының үлесі зор. Содан соң, қалған екі теңеуге мәз болып келеміз. Оның өзіне ыңғайсызданамыз. Айтпағым, ағамыз тек әнімен емес даналығымен сөз тапқырлығымен адамгершілігімен ерекше! Аман жүріңіз, аға!" - деп жазды Бағлан Әбдірайымов.

Çàãðóçêà...
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

40 мың доллар қажет: Алматы облысында әйел ұлына көмектесуді сұрады

Дәл қазір жеткіншек Беларусь елінде емделіп жатыр

Ресейде полицейлер 22 жастағы қызды көлікте зорлап тастады: Жәбірленуші Қазақстан азаматы

Оқиға 18 тамыз күні түнде болған

Белсенді Ғалы Бақтыбаевтың өлімі: күдікті ретінде полицей ұсталды

Ұсталғандар кісі өлімі жеке келіспеушілік салдарынан болғанын мойындап, түсініктеме берді

Семейде қоғамдық екі әжетхана құны 18 млн теңгеге бағаланды

Оларды қолдану ақылы болады, алайда бағасы әзірге белгісіз

"Не жүре алмай, не сөйлей алмай қалдық": Қарағандыда 13 адам донер жеп уланды

Зиян шеккендердің арасында 10 жасар бала да бар

Атырау театрында өрттің неден шыққаны белгілі болды

Қазір театр аумағы қоршауға алынған

Үш мың грант ақылы оқуға түскендер арасында үлестіріледі — БҒМ

Грант иегерлері тізімі бір аптадан кейін жарияланатын болады

Зорлаған адамнан жүкті болған: Баласы түсіп қалғаны үшін 40 жылға соттала жаздаған бойжеткен ақталып шықты

Сальвадор елінде қандай жағдай болсын, түсік жасатуға тыйым салынады

Батыс Қазақстанда ауылдастар бір-бірінің үйіне кіріп тамақ ұрлаған

Күдікті ретінде үш жасөспірім ұсталды

Адал ит қожайыны көз жұмған соң, 15 минуттан кейін өлді

Ер адам 8 жыл бойы ми рагымен күрескен