"Жігітімді ұрып, анама ас табасымен шабуыл жасадым": Тиктокер қыз өміріне кедергі жасайтын ауруы туралы айтты
20 жастағы америкалық тиктокер Бейлин Дюпри өзінің ауыр жүйке ауруы Туретта синдромының өміріне қалай әсер ететінін айтты. Сөзінше тіпті бұл аурудың кесірінен сүйіктісін ұрып, анасына ас табасымен шабуылдаған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі lenta.ru порталына сілтеме жасап.

Туретта синдромы бұл бақыланбайтын тиктердің пайда болуымен сипатталатын неврологиялық және психиатриялық ауру. Мұнда адам өзін басқара алмай түрлі қимылдар жасайды. Құлағына түрлі дыбыстар естіледі.
Бейлин бұл аурудан 15 жастан бастап зардап шеккен. 2020 жылға қарай оған ресми түрде диагноз қойылған. COVID-19 пандемиясына байланысты өзін-өзі оқшаулау кезінде күнделікті тиктердің саны күніне 40-тан 500-ге дейін өсіп, ауруы асқынған.
Тиктокер синдромның кесірінен жақындарына түрлі заттар лақтырып, тіпті бір кездері анасына табамен шабуыл жасағанын есіне алды.
"Киініп, тісімді жуып, тіпті қарапайым үстелге отырып тамақтана алмадым. Бірде мен байқамай жігітімді ұрдым, содан кейін анамды табамен ұрыппын ", - деп есіне алады ол.
Ауруына байланысты Байлин үйде оқуға көшкен. Сөзінше енді бос уақытын әлеуметтік желілердегі Туретта синдромы бар әңгімелерге арнайтын болады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік