Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Жігер Ауыпбаевқа ұқсайды": Ақбота Сейтмағамбеттің суреті жұртты шулатты

Ақбота Сейтмағамбеттің желіге жариялаған суреті жұртты шулатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасына бейтаныс бір жігіттің бетін сүйіп тұрған суретін жүктеген. Әуежайда тұрғанда түсірілген бұл көрініс жұртты қызықтырып қойды. Бірі бұл жігіт Ақбота Сетмағамбеттің інісі десе, енді бірі оны Жігер Ауыпбаевқа ұқсатып жатты.

"Інісі ғой. Неге білмей жатып әр нәрсені жаза бересіздер?", "Неге ғайбат сөз жазасыздар, ұят емес пе?", "Інісі шығар", "Жандарым, құдай бере салған. Екі бауыр бір-біріңе қарап жүріңдер", " Жігер Ауыпбаевқа ұқсайды екен" - деп пікір қалдырды.

Ал Ақбота Сейтмағамбеттің қылығына ашынған жұрт әбден ашуға булыққан. Өнер иесінің бұл ісін тіпті шектен шыққандық деп бағалады олар. 

"Дәуреннің көзіне шөпсалып жүрсің бе", "Күйеуі бар келіншекке ұқсамайсың", "Әркімге бір бетіңді тоса беретінің не", - деп жазды. 

Ақбота Сейтмағамбетті сүйіп тұрған Қыдырәлі Дайырбеков есімді жас дизайнер.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр