Жезқазғанда Қылмыстық-процестік кодекстің жаңартылған нормаларын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті

Фото: Ұлытау соттары
Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Ж.Е.Исабаева Ұлытау облыстық адвокаттар алқасының адвокаттарымен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 16 шілдедегі №210-VIII “Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңы күшіне енуіне байланысты қашықтықтан бейнебайланыс арқылы өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – Қылмыстық-процестік кодекстің жаңартылған нормаларын қолданудың практикалық аспектілерін талқылау болды.
Сот төрағасы енгізілген өзгерістер сот төрелігінің тиімділігін арттыруға, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға, қылмыстық іс жүргізудің ашықтығын қамтамасыз етуге және сот бақылауын күшейтуге бағытталғанына қатысушылардың назарын аударып, мұндай іс-шараларды өткізу заңнаманы біркелкі түсіну мен тәжірибеде қолдануды қамтамасыз ету үшін маңыздылығын атап өтті.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар Қылмыстық-процестік кодекстің жаңа талаптарын іс жүзінде қолдануға арналған ұсынымдар әзірлеп, судьялар корпусы мен қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар арасында жүйелі түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажеттілігі туралы қорытындыға келді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік