Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жезқазғанда әкімшілік істердегі сот сараптамасын тағайындаудың маңызы жайлы семинар өтті

Жезқазғанда әкімшілік істердегі сот сараптамасын тағайындаудың маңызы жайлы семинар өтті

Фото: Ru.freepik.com

Жезқазған қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында “Әкімшілік құқық бұзушылық істерінде сот сараптамасын тағайындаудың маңызы мен ерекшеліктері” тақырыбында семинар өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Іс-шараға сот төрағасы Н.Мәлікұлы, судья К.С. Алькеев, Ұлытау облысы бойынша сот сараптамалары институтының директоры Ғ.Ә.Садыков, сондай-ақ Ұлытау облысы бойынша полиция департаменті және Жезқазған қаласы полиция басқармасының өкілдері қатысты.

Семинар барысында әкімшілік істерді жүргізу кезінде сот сараптамасының маңызы, оны уақтылы тағайындау тәртібі және тәжірибеде кездесетін мәселелер талқыланды. Сараптаманың істің толық әрі әділ қаралуына ықпал ететіні, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен сарапшылардың өзара әрекеттестігін нығайтудың қажет екені айтылды.

Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тәжірибеде туындайтын нақты жағдайлар талқыланды. Іс-шара соңында сот сарапшылары мен полиция инспекторлары алдағы уақытта бірлескен оқу сабақтары мен тәжірибелік кездесулер өткізуге уағдаласты.

Бұл семинар әкімшілік істердің сапалы қаралуына, сот төрелігінің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге оң ықпал ететін маңызды шара болды.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 02 Қазан, 2025 15:16
Талқылау