БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Жеткіншекті автобустан сүйреп шығарды": Оңай тексерушілеріне заң жоқ па?

Алматыда «Оңай» тексерушілері жеткіншек қызды жол ақысын төлемегені үшін автобустан сүйреп шығарған. Жас қызды контролерлер жібермей, көше бойында екі жағынан ұстап алыпты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

онай

Көшені басына көтеріп жылаған қызды «Оңай» тексерушілерінен ары-бері өтіп бара жатқандар арашалап қалған. Қыздың «жіберіңдер мені» деген дауысы естіледі. Бұл туралы видеоны куәгерлердің бірі желідегі парақшаның біріне жариялаған. 

«Жалпы «Оңай» тексерушілері не үшін жұмысқа алынды: олар автобуста жолаушылар жол ақысын төледі ме, жоқ па соны қадағалау үшін емес пе? Бірақ адамды көше бойында шыңғыртып, күштеп ұстап тұру заңға қайшы келеді. Жол ақысын төлемеген жолаушыға олар күш көрсетуге және денсаулығына зақым келтіруге тыйым салынған. Егер жолаушы айыппұлдан бас тартса, онда полиция қызметкері арқылы шешу керек», - дейді заңгер Жандос Тұяқов.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр