Жетісу өңірінде шабандоздар жолды жауып тастады: ұйымдастырушы жазаланды
Көкпарға қатысушылар Ақсу ауданындағы тас жолда көліктердің қозғалысына кедергі келтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облысының Ақсу ауданында жолға шығып, қарсы келе жатқан көліктердің қозғалысына кедергі келтірген көкпар ойнаған салт аттылар бейнежазбаға түсіп қалған.
Аудандық полиция қызметкерлері ойынды ұйымдастырған 34 жастағы азаматты анықтады, ол ҚР ҚК 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша жауапкершілікке тартылды.
"Сонымен қатар көкпардың 10 қатысушысы анықталып, ішкі істер органдарына жеткізілді, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 614-бабы – Көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасау бойынша хаттамалар толтырылды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Полицейлер облыс тұрғындарын заң талаптарын сақтауға және ойынды ұйымдастыруды міндетті түрде жергілікті атқарушы органмен келісіп, өтетін орынды қатаң бақылауға алуға шақырады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген