Жетісу облысында 11 адам үйлену тойында уланып қалған
Жетісу облысындағы Қабанбай ауылында үйлену тойдан кейін адамдар жаппай ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тойдан кейін 20 өзін жайсыз сезініпті. Нәтижесінде 11 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың барлығынан инфекция анықталған, бірақ нақты қандай екені белгісіз.
Мамандар тағамдардан сынама алыпты. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департамент басшысының орынбасары Самат Ахметовтің сөзінше, тергеу барысында адамдардың мейрамханадағы дайын тағамдар мен үйде дайындалғна тағамдарды да жегені анықталыпты.
"Қазір тергеу жүріп жатыр, материалдар аудандық полиция бөліміне жіберіледі", – деді Ахметов.
Қазір ауыл тұрғындарының жағдайы жақсы. Ал кінәлілер әкімшілік жазаға тартылады.
Талқылау