Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жергілікті жұмысшыға 568 теңге, шетелдікке 6 500 теңге: Министр Атыраудағы жалақы айырмашылығы туралы

Еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қазақстандық және шетелден тартылатын мамандардың жалақысының айырмашылығы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап. 

Ұлттық банк жаңа валюта еніп, теңгенің құнсызданатыны туралы ақпаратқа жауап берді

Министр «Болашақ-Атырау» ЖШС мұнай мен газ өндіру зауытына барды. Ол сапар барысында журналистердің сұрағына жауап берді. Өз сөзінде Нұрымбетов 50-ден астам шетелдік маман жұмыс істейтін қазақстандық кәсіпорындар еңбек министрлігі мен бас прокуратурамен тексерілетінін мәлімдеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде 2 425 компания бекітілген квота бойынша шетелдік жұмысшыларды тартып отыр. Аталған кәсіпорындарда 530 мыңнан аса қазақстандық жұмыс істеуде. 

Нұрымбетовтың айтуынша, биылғы жылдың қазан айының ортасына дейін 49 кәсіпорын тексеріліп, комиссия 791 бұзушылықты анықтапты. 24 кәсіпорында қазақстандық және шетелдік мамандарға жалақы мен сыйақы төлеуге қатысты 476 бұзушылық анықталған.

«Осылайша, Атырау облысындағы «Мұнақұрылысқызметі ЛТД» ЖШС-да жергілікті инженереге 568 теңге көлемінде сағаттық тарифтік мөлшерлеме белгіленген. Ал осындай қызметтегі шетелдік жұмысшыға 6 500 теңге белгіленіпті. Мұндай тәжірибеге жол беруге болмайды», - дейді еңбек министрі. 

Біржан Нұрымбетов қазақстандық және шетелдік жұмысшылардың еңбек жағдайы мен жалақысы тең болуы керектігін ескертті.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде анасымен бірге оңалту орталығына барған мүгедек оқушы үйіне жүкті болып қайтты

Қала мектептерінде үш оқушы қыз жүкті болып қалған

Диета мен жаттығуға бас қатырмасаңыз болады: Ғалымдар арықтаудың ең оңай жолын тапты

Эксперимент жүргізуге 12 апта жұмсалды

Көпбалалы отбасыға 20 мың беремін деген Гүлнәз Жоланова уәдесін ұмытып кеткен

Мұхит Сапарбаев артынша қуып жүріп 10 мың теңге алғанын айтты

"Сен ешкімге керек емессің!": Күйеуі 15 жасында тұрмысқа шыққан әйелінің мұрны мен қабырғасын сындырып жіберген

Қазір "Олимптің" басқа да экономикалық қылмысқа қатыстылығы тексеріліп жатыр

Жұмыссыз қалған қазақстандық әйелін ұрып, ішіндегі баласын түсіріп тастады

Күйеуі ауруханаға түскен әйелін бір де бір рет іздеп келмеген

Баландин АҚШ-тағы олимпиададан алтын алды

Ал екінші және үшінші орын АҚШ спортшыларына бұйырды

Бауыржан Есебаев: Маған әнім үшін төсек қатынасын ұсынған қыздар көп болды

Алайда сазгер бұл ұсыныстардың бәрінен бас тартқанын айтады

Көлік 16 метрге дейін сүйреді: Мүгедек болып қалған әйел кінәлі жүргізушінің тайраңдап жүргенін айтты

Ер адам ақшаны еміңізге берейін деп көлікті тұрақтан шығартып, кейін ғайып болған

АҚШ-тағы сұлулық байқауында жеңген ару: Қазақтың "ұят болады" деген сөзі дамуыма кедергі келтірді

Ақерке Ысқақ бала күнінен шетелде тұруды армандағанын айтады

"Төбеме жай түскендей болды": Димаш бақилық болған тыңдарманының жақындарына көңіл айтты

Әнші Лейсан есімді арудың арманын орындаған еді
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр