Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жерге кіріп жүрген кезім": Мейрамбек Бесбаев ақшалай қарыздары туралы айтты

Мейрамбек Бесбаев ақшалай қарыздары туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Talklike бағдарламасына сілтеме жасап.

Өнер иесі қарыз алатынын да, беретінін де жасырмады. Талай рет қарызын қайтара алмай, ұялып жүрген кездері де болған көрінеді. Бірақ Мейрамбек Бесбаев өзі қысылып тұрса да қарызға ақша берген адамнан қайтар еп сұрамайды екен.

"Өмір болғаннан кейін болады. Әрине бар. Маған біреу қарыз, мен біреуге қарызбын. Міндетті түрде қарыз болады. Маған қарыз адамдарды қысылып тұрсам да, қинамауға тырысамын. Береді ғой әйтеуір. Дер кезінде бере алмай, жерге кіріп жүрген кезім де болды. Құтылдық қой", - дейді өнер иесі.

Өнер иесінің қолының ашықтығынан, досқа адалдығынан болуы керек, әншіні ақшаға айырбастап кеткен достары да болмаған екен. Өзі де ешқашан ешкімді дүниеге ауыстырмағанын айтты.

"Ішкі түйсігім жоқ деп айтады. Мен ешқашан достарымды дүниеге айырбастап көрген емеспін. Олар да маған сондай қарым-қатынаста деп ойлаймын", - дейді өнер иесі.

Талқылау