"Жерді тепкілеп не болды": Тойда секіріп билеген Тоқтар Серіковті жұрт жақтырмай қалды (видео)

Әйелінің мерейтойында әбден билеген Тоқтар Серіковті жұрт сынап тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқтар Серіковтің әйелі Бейбіт Сейдуалиеваның мерейтойында билеген видеосы желіде тез тарады. Сахнаның ортасында барын салып, секіріп билеп, өнер иесі қонақтардың көңіл-күйін көтеріп тастаған. Алайда, бұл бейнежазбаны көрген халық өнер иесінің қылығын ерсі деп түсінді.

"Құрсын мыналар қуды. Салмақтылық қайда? Жараспайды, ұялсаңдаршы!", "Әй, қазағым-ай. Опмай, тоңқай, талтай деп арзан күлкі, хит жасаймыз деп мазақ болып кеттіңдер ғой", "Жерді тепкілеп не болды? Басқалардан билеп үйренсеңші"  десті жұрт.

Алайда, өнер адамының көңіл көтергенінде тұрған ештеңе жоқ деп ойлайтындар да табылып, кері пікір білдіргендерге жауап беріп жатты.

"Не болды сонша? Бір жерін ашып билеп пе? Немесе концерт беріп тұрған жерінде қоймай билеп пе? Өзін өзі ұстауды біледі. Тойда билеп тұрмағанда жылап тұра ма екен? Қазаққа ешқашан ештеңе жақпайды", "Ел алдында салмақты тойда көңіл көтеріп демалғаны дұрыс. Өте жарасып тұр"  деді енді бірі.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр