Жер сілкінісі кезінде адам ағзасы қандай күйде болады – Маман түсіндірді
Невролог дәрігер кешенді есте сақтау және дене психотерапиясы бойынша маман Анна Науменко жер сілкінісі кезінде эпицентрде қалған адам ағзасына не болатынын түсіндірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Doctorpiter.ru басылымына сілтеме жасап.

Дәрігер жер сілкінісі кезінде ең маңызды функцияларға жауап беретін және стресстік жағдайдағы мінез-құлықты анықтайтын мидың лимбиялық жүйесі белсенді жұмыс істейтінін алға тартты.
“Сыни сәтте адамда вегетативті жүйке жүйесі белсенді жұмыс істей бастайды. Жүректің жиырылуы мен тыныс алу жиілігі артады және симпатикалық-бүйрек үсті безі жүйесі белсендіріледі. Кортизол да шығарылып, мидың қауіпті мен қауіпсіз сигналдарды бөлуге жауапты бөліктері ерекше жұмыс істейді”,- деді маман.
Дәрігер жануарлардың сезу жүйесі дамығандықтан табиғи апаттарды алдын ала білетінін алға тартты. Сөзінше адамдарда да рептилия миында вегетативті жүйке жүйесі деп аталатын бөліктер болғандықтан сезімтал жандар да қауіпті алдын ала топшылай алады екен.
“Жер сілкінісі адамның басынан бірінші рет өтіп жатса, онда ағза ақпаратты талдау және өңдеу жүйесінде болады. Бұл кезде тепе-теңдікке жауапты жүйе бөлігі ретінде бұлшықет, көру, есту сыртқы өзгерістерге ертерек әрекет ете бастайды”,- деді Науменко.
Маман адамға қауіп төнген сәтте "жедел жауап беру", атап айтқанда - ұру, жүгіру немесе қатып қалу реакцияларына сәйкес әрекет ететінін жеткізді. Сөзінше бұл біздің кіші ағаларымызға да тән.
Дәрігер жер сілкінісі кезінде екі алғашқы реакция жүгіру немесе бір орында тұрып қалу болатынын айтады. Бірақ бір орында тұрып қалғандарға ең жоғары қауіп төнетінін ескерте кетті. Маманның сөзінше, зіл залада кезінде бір орында тұрып қалғандарға қарағанда күйзелісте жүгіріп қимылдағандардың аман қалу ықтималдығы басым.
“Адамдарда жағдайға сәйкес физикалық әрекет етуге, кейінірек психикалық тұрғыдан аман қалуға жеткілікті ресурстары жоқ. Соңғы зерттеулерге сүйенсек, психикалық түрде аман қалудың жалғыз жолы қатып қалу емес. Керсінше, әрекет етіп, ағзаны белсендіру керек. Сол арқылы миға көптеген сигналдар кіреді”,- деп қорытты дәрігер.
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?