Жеңілдетілген автонесиеге барлық өтінім 18 секундта берілді - Өнеркәсіпті дамыту қоры
Өнеркәсіпті дамыту қоры жеңілдетілген автонесие алуға 18 секундта 761 өтініш берілгенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Платформа іске қосылған алғашқы 18 секундта 761 қазақстандық өз өтініштерін тіркеді. Бірінші минутта сайтқа кірушілер саны 125 000 адамды құрады", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, лимитке жеткеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталып, "өтініш беру" функциясы істен шыққан.
"Өтініш беру процесінде кейбір пайдаланушылар көлік өндірушісін таңдай алмады, бұл өтінім лимитіне жетуге байланысты болған", - деді қор өкілдері.
Еске салайық, келесі өтінімдерді қабылдау қазақстандықтарға наурызда қолжетімді болады. Бағдарлама жаңалықтарын қордың ресми сайтынан және әлеуметтік желілердегі парақшаларынан білуге болады.
Талқылау
"Соңы қуғын-сүргінге алып келеді": Белсенділер Қазақстан депутаттарының ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы шешіміне қарсы шықты
Депутаттар ашық насихатталып жатқан бір жынысты неке, педофилияға заңмен тыйым салу көзделіп отырғанын айтты