Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша қандай көліктер қолжетімді болады

"Қазақстанның автомобиль бизнесі қауымдастығы" жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша қандай көліктер қолжетімді болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл бағдарламаның шарты бойынша автоөндірушілер көліктерді 60 күнтізбелік күн ішінде жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс. Бағдарламаға қатысушы автосалонға келіп, менеджермен қажетті үлгіні, жабдықты және түсті талқылайды. Егер таңдалған көлік қолжетімді болса, оны банк мақұлдағаннан кейін бірден сатып алуына болады", – дейді Қазақстанның автомобиль бизнесі қауымдастығының мемлекеттік реттеу жөніндегі директоры Қайрат Еламанов.

Оның айтуынша, егер көлік алдағы екі айға жеткізу жоспарында болса, онда автокредитке қатысушы алдын ала тапсырыс беруіне болады.



"Егер көлік жеткізу жоспарларында болмаса, менеджер сізге 60 күн ішінде келетін балама нұсқаны таңдауға көмектеседі. Бүгінгі таңда бағдарлама шарттарына сәйкес келетін көліктердің бағасы – 15 миллион теңгеге дейін, негізінен, барлық өндірушілер бар. Мұның барлығы тұтынушының қалауына байланысты", - деп қосты Еламанов.

Айта кетейік, жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына өтініш беру платформасы 6 ақпаннан бастап жұмысын бастайды.

Жаңа қолданбалы платформа 6 ақпанда Астана уақытымен сағат 10:00-де autonesie.kz сайтында іске қосылады. Платформаға Қазақстан аумағынан ғана тіркелу мүмкін болады.

Талқылау