Қартаюды бәсеңдетіп, денсаулықты жақсарту үшін не жеу керек

Федиралды политехникалық Лозанна мектебінің және Швейцариялық биоинформатиканың ғалымдары зерттеу жүргізді. Зерттеу нәтижесінде гранат және тағы да басқа жемістердің құрамындағы табиғи құрамалардың қартаюды бәсеңдететіні анықталды. Бұл туралы MedicalXpress басылымына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды. 


Клиникалық зерттеулердің нәтижесінде А уролитинінің қаңқалық бұлшықеттегі митохондриялардың жұмыс істеуін жақсартатыны анықталды. Митохондриялар елу жасқа келгенде күшін және салмағын жоғалтады екен. А уролитині адамның ішегінде эллаготанин берілгенде пайда болады. Эллаготин гранат шырыны мен дәндерде бар.

Зерттеуге алпыс қарт қатысты. Еріктілер бірінші кезекте уролитиннің бір дозасын 250-2000 милиграмм немесе плацебодан қабылдады. Ғалымдар олардың денсаулығында қиындықтарды байқамаған соң, адамдарды топтарға бөлді. Алғашқы үш топ жиырма сегіз күннің ішінде 250, 500, 1000 миллиграммнан уролитинді, ал төртінші топ плацебоны қабылдады. 

Уролитин митохиндриалды биогенезді ынталандырады, жасушалар митохондриялардың салмағын арттырады. Сондай-ақ, құрама жасушалардың дефектті органелден тазаруына көмектеседі. Жастарда бұл процесс белсенді, ал жас ұлғайған сайын баяу бола бастайды, саркопенияға алып келеді. Саркопения — қаңқа бұлшықеттерінің дегенерациялық өзгеруі.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр