Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде сөйлесіп жүрген жігіт ұрлап кетуі мүмкін: Алматы облысында 16 жастағы қыз жоғалып кетті

Зайсанда 16 жастағы Назерке Қайырбекқызын жақындарының іздестіріп жатқанына 3 аптаға жуық уақыт болған. Жақындары оны әлемуеттік желіде сөйлесіп жүрген жігіт ұрлап кеткен болуы мүмкін деп отыр.

Желіде сөйлесіп жүрген жігіт ұрлап кеткен болуы мүмкін: Алматы облысында 16 жастағы қыз жоғалып кетті

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Алматы» арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Назерке – отбасындағы жалғыз қыз. 9-сыныпты бітіргеннен кейін ата-анасы оны Алматы облысында тұратын туыстарының үйлену тойына жіберіпті. 
16 маусымда тойда болған Назерке таңғы сағат 6-ның шамасында үйден шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен. 

Оның анасы Бағдат Мұсылманова содан бері қызынан еш хабар алмағанын айтады. Жақындары оны қайдан іздерін білмей дал. Айтуларынша, Назеркенің телефоны өшірулі. Туыстары полиция арызданыпты. 

Олардың пікірінше, оқиғаға зайсандық жігіттің қатысы бар болуы мүмкін. Назерке онымен танысып, артынша әлеуметтік желіде сөйлесіп жүрген екен. Айтуларынша, Назерке жоғалып кетердің алдында онымен телефон арқылы шамамен екі сағат сөйлесіпті. 

Қыздарының жағдайына алаңдаған ата-анасы оны күштеп ұстап отырған болуы мүмкін дейді. 

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері де бұл нұсқаны жоққа шығармайды. Бірер күн бұрын жігітті Алматыдан көрген екен.

Талғар аудандық полиция басқармасының қылмыстық полиция бөлімінің басшысының орынбасары Андрей Бурьянскийдің сөзінше, полицейлер нұсқалардың бірін тексеру үшін ШҚО-ға аттанған. Полиция мәліметінше, Назеркеге Қамбар есімді жігіт қоңырау шалып, қыз онымен кездесуге шығып, артынша жоғалып кеткен. 

Анықталғандай, 18 маусымда қыз әкесіне хабарласып, бәрі жақсы екенін айтып, полиция арызданбауын сұраған. Алайда осыдан кейін байланыс үзіліпті. 

Назеркенің жақындары ол туралы қандай да бір мәлімет білетіндерден хабарласуын сұрайды: +7 778 688 41 55, +7 775 969 1240, 102.

Талқылау