Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір партада үшеуден: Желіде жылап отырған бірінші сынып оқушыларының видеосы тарады (видео)

Желіде бүкіл сынып болып жылап отырған балалардың видеосы тарады. Болжам бойынша, олар бірінші сынып оқушылары болуы мүмкін, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Желіде бүкіл сынып болып жылап отырған бірінші сынып оқушыларының видеосы тарады (видео)

Желіде тараған видео кадрларынан мектеп формасын киген оқушылардың бір партада үш-үштен отырғаны көрінеді. Олардың көбі еңіреп жыласа, өзгелері қорқып қарап отыр. 

Желі қолданушылары видео 1-інші немесе 2-нші қыркүйекте түсірілген болуы мүмкін деп топшылады. 

Видеодан байқалғандай, бірнеше әйел, болжам бойынша мұғалімдер, оқушыларды тыныштандыруға тырысуда. Алайда бұл олардың қолынан келмеді. Видеоның соңында оқушы қыздардың бірі әйелдің жанына келіп, көз жасын әрең ұстап тұрып, анасына барғысы келетінін айтады. 

Әзірге видеоның қай жерде түсірілгені белгісіз.

 

Өз кезегінде желі қолданушылары оқушыларды аяп, «мектепке баруға дайын болмаған болар» деп пікір білдірді. 

«Кішкентай балалар ғой. Балабақшаға барып жүретін уақыты. Ал оларды мектепке апарып, партаға отырғызып қойған», - дейді пікір білдірушілердің бірі.

Ал кейбірі оқушылардың бір партада үш-үштен отырғанын сынады. 

«Артық парта таппады ма? Неге бір партада үш баладан отыр?», «Сынып кішкентай, парталар жетіспейді, балалар сыймайды және бұл Африка емес», «Партада екі оқушы отыруы керек қой. Енді олар қалай жазып, оқиды? Бір-біріне кедергі келтіреді», - деп жазды желі қолданушылары.

Талқылау