Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Арыстағы оқ-дәрінің видеосы тарады. Министрлік мәлімдеме жасады (видео)

Желіде Арыс қаласында оқ-дәрі бөлшектерінің жиналып тұрғаны түсірілген видео пайда болды. Қорғаныс министрлігі видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Желіде Арыстағы оқ-дәрінің видеосы тарады. Министрлік мәлімдеме жасады (видео)

Әлеуметтік желілерде Арыс қаласын тазалау барысында жиналған оқ-дәрі бөлшектерінің видеосы тарады. 

«Аталған бөлшектер жарылу қаупін төндірмейді және бұған дейін әскери жарақтарды жоюға пайдаланылған арнайы күзетілген аумақта жатыр. Жою пунктінде жатқан бөлшектер қауіп төндірмейді.

Видеожазба тәртіптік нысанның аумағында түсірілгендіктен және қауіпсіздік тәртібін қамтамасыз ету саласындағы құжаттарда көрсетілген талаптар бұзылғандықтан, Қорғаныс министрлігі қызметтік тексерісті бастады», - дейді министрліктегілер. 

 

Хабарланғандай, Арыста төтенше жағдай салдарын жою және қала тіршілігін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. 

Жарылу қаупін төндірмейтін оқ-дәрі бөлшектерін жою жұмыстары басталды. 

Талқылау