Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желі қолданушылары Iphone пішінінде жасалған құлпытасты видеоға түсіріп, күлген азаматты сынап тастады

Facebook пайдаланушысы "Куда смотрит акимат" деген топқа IPhone түрінде жасалған құлпытасты жүктеп, таңданысын жасырмады. Алайда, оны осы іс-әрекеті үшін желі қолданушылары сынап тастады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Желіде пайда болған видеодан  қазақстандықтардың  ұялы телефон пішінінде жасалған құлпытасты көріп, қатты таңғалғаны байқалады. 

"Жаңа Iphone 11 иесі. Мұндай да құлпытас бар екен. Обычный режимде тұр екен. Без звукаға қоймапты. Память 32 GB", — дейді видео авторы. 

Желі қолданушыларының басым бөлігі бейітте видео түсіріп, құлпытастың пішіні неліктен ерекше екенін білмей күлген адамды сынға алды. "Молаға барып, күлгендері несі?", Күлетін басқа зат таппай, енді өлгендердің мазарын мазақ қылуға көштіңдер ме?— деп жазды олар. 

Бұл құлпытас көзі тірісінде Iphone/Ipad-қа арналған қазақша интелектуалды пернетақтаны құрастырып, iOS жүйесіне арнап мобильді қосымшалар жасаған бағдарламашы Заңғар Орынбетовке орнатылған. Марқұмның ата-анасы оның Apple компаниясына деген махаббатын әрі еңбегін ескеріп, құлпытасты Iphone түрінде жасауды жөн көрген. 

2017 жылы бар болғаны 23 жасында жол апатынан қайтыс болған Заңғар Орынбетов болашағынан зор үміт күттірген азамат еді. Ол екі жыл бұрын Apple компаниясының WWDC 2016 жазғы мектебіне жолдама алып, барып қайтты. 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Оралда жүргізуші автокөлігімен 3 жасар қызды екі рет басып өткен

Қыздың жағдайы өте ауыр, екі аптадан бері ауруханада жатыр

Жүкті әйеліне асығып бара жатқан: Оралда қызды қағып өлтірген жүргізуші өзін босатуды сұрады

Оның үстіне ол жүргізуші куәлігінен айырылған екен

Балаларымен бірге мекемеде түнеген: Шымкентте көпбалалы аналар әкімдікке баса көктеп кірді

Олар қала басшысымен кездескісі келіпті

Виктор Храпуновтың ұлы Ілияс Храпунов БТА банктің ақшасын жымқырды деп айыпталды

Женева соты Храпуновтың ұлы 500 миллион доллар теңге қайтаруы қажет деген үкім шығарған

Назарбаев Швейцария президентімен кездесті

Тұңғыш президент пен Швейцария президенті екі ел арасындағы байланысті сөз етті

Еуропа елдеріне қарағанда алты есе көп: Елімізде мектеп қабырғасында босанатын қыздар саны жаға ұстатты

Депутат: Бұл секске дайындау мәселенің нәтижесі!

Қазақстан азаматы Беларусь елінде қыздарды жезөкшелікке арбады деп күдіктелуде

Белорусь полиция қызметкерлері қазақстандықты автобекетте ұстап алған

ОСК Қазақстанда референдум өткізуден бас тартты

Бұған дейін бастамашыл топ елімізде референдум өткізуді ұсынған еді

Солтүстік Қазақстан тұрғындарының саны бір миллионға жуық адамға азаюы мүмкін

Петропавлда қазақстандықтарды оңтүстіктен солтүстікке көшіру мәселелері талқыланды

Иесінің қатерлі ісік ауруын сезіп, оның өмірін сақтап қалған төбет

Қан құрамындағы қатерлі дертті сезе алады
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр