AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ыстықта қалың киініп, басымызды орап жүреміз: Шығыс Қазақстанда бірнеше ауылда маса қаптап, тұрғындарға кедергі келтіруде

Шығыс Қазақстан облысына қарасты бірнеше елді мекенде маса қаптап кеткен. Зиянды жәндіктерден мазалары кеткен тұрғындар жаз бойы оранып, арнайы бетпердемен тұмшаланып жүреді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Маса-шіркейлер Күршім ауданының Қалжыр, Теректі және Боран елдімекенде құжынап тұр. Әсіресе жаз айларында тұрғындардың жұмыс істеуіне айтарлықтай кедергі келтіруде. Бір сөзбен айтқанда, егістік алқабында еркін жүруге еш мүмкіндік жоқ. 

"Жаз басталса маса-шіркей мазамызды қашырды. Бүкіл ауыл халқы не істерін білмей отыр. Басқа өңірдің масасымен салыстырғанда біздікі ірілеу. Сондықтан болса керек, шаққан жері бөртіп, қышып, ісініп кетеді. Масадан қорғайтын неше түрлі жақпа майларға сылансақ та, еш нәтиже бермейді. Жаздың шіліңгір ыстығында қалың киініп, сеткамен басымызды орап жүреміз. Бұл әсіресе малшылар мен егіншілерге қиын болды. Мал азығын жинауға айтарлықтай кедергі келтіруде", - дейді ауыл тұрғыны Еркін Нұрышев.

Оның айтуынша, маса ыстықта өршіп, салқында саябырлай қалатын көрінеді. Десе де, тұрғындар жергілікті әкімдіктің сылбыр жұмысын сынға алуда. Себебі арнайы мамандардың жұмысты кеш жүргізгендіктен жүргізген нәтиже бермепті.

Тұрғындар әкімдік қанша жерден жұмыс жүргізіп жатырмыз дегенімен, ауылда маса азаймай тұрғанын айтады. Жаздың демалысын далада өткізуі тиіс балалар күні бойы үйден шыға алмай отырады.

"Маса-шіркей жыл сайын болады ғой, бірақ биыл ерекше көп, күнделікті тұрмысқа айтарлықтай зиянын келтіріп жатыр. Бұрын қаладан немере-шөберелеріміз келіп тұратын. Қалжыр өзенінің бойына суға түсетін. Қазір масаның кесірінен ауылға аттап баспайды. Себебі, келсе үйден шыға алмай отырады. Жергілікті билік не улап жатқанын білмейміз, маса азаймай тұр", - дейді Бақытжамал Сайболатова есімді зейнеткер.

Жергілікті тұрғындардың пайымдауынша, мамандар масаны түнде улауы керек. Күндізгі жұмыстары аса нәтиже бермейді дейді олар.

"Мамандар масаға қарсы дәріні күндіз шашады. Маса күндіз ұясына көп қонбайды. Сондықтан түнде шашу керек. Осыған дейін қанша шашса да, әлі нәтижесін бермей келеді. Азаюдың орнына керісінше, тым көбейіп барады. Бел жазып жұмыс істей алмай отырмыз", - дейді ауыл тұрғыны Ержан Ақанов.

Жергілікті адамдар улау жұмыстарының тек көшелерде ғана жүргізілетіндігін алға тартуда. Соған қарағанда мамандар басқа жерге аяқ баспайтын көрінеді.

"Боран аулының адамдары айтып жатыр. Масаға шашып жатқанда уды көріп жүрген комиссияның бірі – мен. Тұп-тура көшеге өрлеп-құлдап шашады. Қалған жақ деген маса түтіп тұр оған бармайды", - дейді Боран ауылының тұрғыны Баймұрат Беркейұлы.

Айта кетейік, зиянкестерді улауға биыл Күршім аудандық бюджетінен 20 миллион теңге бөлінген. Бұл қаражатқа мамыр айынын бері 10 мың гектардай жерге дәрі себілген. Бірақ нәтиже бермеген. Жергілікті билік өздерінің қауқарсыздықтарын айтып министрліктен көмек сұрауда. 

"Барлық жұмыстар комиссиялы түрде ауылдық округ әкімі, сонымен қатар ауылдың азаматтары белсенділері қатысуымен барлық жұмыстар бақылауда. Бұған бір ғана ауданның шамасы жетпейді. Бұған негізі ғылми түрде. Ауыл шаруашылығы министрлігі бола ма? Экология министрлігі бәрі бірілесіп, ғылыми түрде мұны зерттеу керек", - дейді Күршім аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы Мақсат Әкірамов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр