БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жайық өзеніндегі балықтардың неліктен жаппай қырылғаны анықталды

Жайықтағы балықтардың жаппай қырылуына қатысты тергеу ісі аяқталды. Жарты жылдан астам уақыт жүргізілген тексеріс бойынша, Атырау су арнасының құрамында хлоры көп суды Жайық өзеніне ағызуы балықтардың тонналап қырылуына себеп болғаны анықталды. 

jaiyq

Экологиялық апат деп сипат берілген бұл қылмысты оқиғаға Атырау жылу электр орталығы мен Атырау су арнасы күдікті деп танылған еді. Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Жылу электр қуаты өз кінәсін мойындап, табиғатқа келтірді деген шығынды толық өтеген. Осыдан кейін тергеу ісі қысқартылыпты. Ал, Атырау су арнасының Жайық суының үстіңгі қабатын ластап, соның салдарынан аса ірі көлемде зиян келтіргені тергеуде дәлелденген. Енді салғырттық танытқан кәсіпорын басшылары сот алдында жауап береді. 

"Жайықтағы балықтардың жаппай қырылуы Атырау су арнасының өзенге хлорлы су ағызуынан болғаны анықталды. Мекеме директоры мен орынбасары, станса басшысы заң бойынша күдікті деп танылды. Кәсіпорын басшысына қатысты қылмыстық іс тіркелді", - деді ІІМ баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз. 

Бұған дейін балықтарды жаппай қырған компания сот алдында жауап беретінін хабарлаған едік. 

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр