Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жәй ғана ішім ауырды деп ойладым": Сауда орталығында босанып қалған ақтөбелік келіншектің әңгімесі

Күтпеген жерден сауда орталығында босанып қалған Ақтөбе қаласының тұрғыны жағдайдың қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ақтөбелік

Кішкене Айлин Ақтөбедегі ойын-сауық орталығында дүниеге келді. Туған кезде оның бойы – 52 сантиметр, салмағы – 3,4 килограмм болды. 

«Сол күні мен анам, әпкем, ағам және ұлыммен бірге сауда орталығында қыдырып жүрген болатынмын. Кенеттен бутиктердің жанына жақындай бергенімде ішімнің төменгі бөлігі ауыра бастады. Бар болғаны, ішім ауырып жатқан шығар деп ойладым. Дәретханаға барған соң ғана туайын деп жатқанымды білдім. Жоғарғы қабатта жүрген анама хабарласайын деп едім қырсық шалғанда телефоным өшіп қалған екен», - деді Зәуре. 

Әйелге сауда орталығының қонақтары көмектескен. Олар жедел жәрдем шақырған екен. Осы сәтте әбден шаршаған әйел еденге отырып қалған. 

«Сол сәтте анам мен басқа туыстарым мен үшін алаңдап, іздей бастаған екен. Сәнді әшекейлер сататын бутиктің жанынан тапты. Аталған бутикті жылдам жауып, орталық әкімшілігі күзетшілерді шығарып тастады. Мені саудагерлердің босандыруына тура келді. Ал оларға менің жақындарым көмектесті», - деп еске алды Зәуре. 

Естеріңізге сала кетсек, ақтөбелік келіншектің сауда орталығында босанып қалғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау