Бас прокуратура қазақстандықтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды

Бас прокуратура заңсыз митингілерді, шерулерді ұйымдастыруға және қатысуға жол берілмейтіндігін түсіндірген болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жауапқа тартылатын болады: Бас прокуратура заңдылықты сақтауға шақырады

Фото: zakon.kz

Осыған қарамастан, әлеуметтік желілерде жекелеген адамдар еліміздің ірі қалаларында осындай акцияларды өткізуге арандатушылық шақырулар таратуын жалғастыруда.  

Құқықтық тәртіп органдарының қызметкерлеріне күш көрсетуге және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнің жұмысына кедергі келтіруге итермелеуде.

Бас прокуратура заңдылықты сақтауға, рұқсат етілмеген жария акциялар ұйымдастырудан және оларға қатысудан тартынуға қайта шақырады.

Осы құқыққа қайшы іс-әрекеттерге қатысы бар адамдарға құқық қорғау органдары қолданыстағы заңнама шеңберінде қылмысқа дейінгі ең қатаң жауаптылық шараларын қолданатын болады.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр