БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Жауапқа тартылады": Бас прокуратура митингке шақырушыларға ескерту жасады

Қазақстанның Бас прокуратурасы биылғы жылдың 9-10 маусым күндері рұқсат етілмеген митинг ұйымдастыруға және қатысуға шақырулар тарап жатқанын мәлімдеп, ескерту жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қоғамдық тәртіпті, тұрғындардың өмірі мен денсаулықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заңнаманың келесі нормаларына назар аударамыз. Митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» ҚР Заңымен реттеледі.

Мұндай жария іс-шаралар жергілікті атқарушы органдарды алдын ала хабардар етумен олардан рұқсат алу арқылы арнайы белгіленген орындарда, тұрғындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін жағдайларды болдырмау шараларын қолдана отырып жүргізілуі тиіс», - делінеді хабарламада. 

Өз кезегінде Бас прокуратура рұқсат етілмеген акцияларға шақырған, ұйымдастырған, қатысқан азаматтардың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабына (Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру тәртібін бұзу)  сәйкес жауапқа тартылатынын ескертті.

«Егер бұл әрекеттер елеулі залал келтірсе, онда кінәлілер Қылмыстық кодекстің 400-бабы (Жиналыстарды, митингілердi, пикеттерді, көше шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу) бойынша жауапқа тартылуға жатады», - дейді ведомстводағылар.

Бас прокуратура азаматтарды заңды мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа берілмеуге және заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға қайтадан шақырады.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр