Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Жауап таппай қалдым": Мөлдір Әуелбекованы журналистика факультетінің деканы сынап тастады

Мөлдір Әуелбекованы журналистика факультетінің деканы сынап тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BEY бағдарламасына сілтеме жасап. 

Мөлдір Әуелбекованың орындауындағы "Арман алдамайды" әнін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы қатал сынға алды. Деканға өнер иесінің әнінің сөзі ұнамай қалған. Тіркестері, мағынасы дұрыс емес, айтатын ойы жоқ деп сөкті ол өнер иесін.

"Бейнекөрсетілімде мен Мөлдірдің ақылды сөздерін, ойларын тыңдап отырып, риза болып едім. Ал әнге келгенде айтқан сөзі мен талғамы бір-бірінен алыс жатқандай көрінді. Ән толық орындалып шыққанда, Мөлдір не айтқысы келді деген сұрақ туды да, жауап таппай қалдым. Менің ойымша бірінші әуезі шыққан. Артынша лайықталып сөз жазылған", - дейді Сағатбек Медеубекұлы.

Сағатбек Медеубекұлы әншіге сөзің тыңдарман жүрегінен орын алмаса, ұмыт боласың деп пікір білдірген. Сондықтан мағынасы терең, әсерлі әндер жазып, дауысыңды асқақтата түс деп кеңес берді ол. 

"Ән әуезі тартымды, сөзі ойға құрылатын болса, іліп алып кетер еді. Ақын сенің ойың мен пікіріңді жеткізі алмаған. Ән халық үшін жазылады. Әнші де тыңдаушының жүрегіне ұяласам деп шығады. Ән тыңдарман жүрегінен орын алмаса, есінде қалмаса орындаушының еңбегінің зая кеткені", - дейді декан.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр