Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жауап беретін ешкім жоқ": Қостанай әкімі жасөспірімнің өлімінен кейін қоластындағыларға ашуланды

Қостанайда аппарат жиналысы өтіп, оның барысында қала әкімі қоластындағыларды сынға алды. Оған үстіне футбол қақпасы құлап кеткеннен кейін көз жұмған жасөспірімнің өлімі себеп болды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Костанайские новости» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қостанай әкімі Қайрат Ахметовтың пікірінше, бәрі тек әлдекім құрбан болғаннан кейін ғана әрекетке көше бастайды. 

«Барлығы шулап, әрекетке көшу үшін міндетті түрде біреу көз жұмуы керек! Бәріміз ақылдымыз, бірақ болар іс болып қойған соң», - дейді қала басшысы. 
Ахметов әрі қарай шешім қабылдау үшін әкімдіктің түрлі бөлімдерінің пікірін білгісі келетінін айтты. 

Сонымен қатар ол қоластындағылардың қайғылы жағдайдың себебін мәлімдеуін талап етті. Алайда бұл сұраққа ешкім жауап бере алмай, тиісті сараптамалардың әлі аяқталмағанына сілтеді. Соның нәтижесінде нақты жауабы белгілі болады, дейді. 

Футбол алаңдарының күтілуі де тағы бір сауалға арқау болды. Анықталғандай, ПИТК өкілдері ойын алаңқайларының құрылысын талап еткенімен, артынша олардың күтіп ұстаудан бас тартады. Тіпті, мектептер де оларды өз балансына алғысы келмейтін көрінеді.

«Сонда не болып жатыр? Жауап беретін ешкім жоқ! Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы: «Мен тұрғыздым, тапсырдым, алайда кімге тапсырғаным түсінкісіз», - деп иығын көтереді», - деп ашуланды қала әкімі.

Талқылау