Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жатып алып сыншы болмай, қоғамға белсенді араласу керек": Марат Ахметжанов қазақстандықтардың полицейлерге сенімі жайлы айтты

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қазақстандықтардың құқық қорғау органдарына сенімі туралы сауалға жауап берді. Ол жұртшылықты жатып алып, сын айтпай, айналаға қарап атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Елорда әкімдігінде өткен жиында журналистер Ішкі істер министрлігінің басшысынан қазақстандықтардың полиция қызметкерлеріне сенімі қаншалықты екенін сұрады.

Журналистің сауалына Марат Ахметжанов егер жұртшылық жатып алып сыншы болмай, айналаға назар салса, атқарылған жұмыстарды көре алатынын ескертті. 

“Әрине, сенім білдіру керек дүние. Бүгінгі таңда криминалдық жағдайлар, елдегі қасақана кісі өлтіру 50 пайызға азайған. Жаяу жүргіншілер өлімін 25 пайызға азайтуға мүмкіндік беретін интеллектуалды жүйе құрдық. Осы жұмыстарды көрмесеңіз, байқамасаңыз ол басқа мәселе. Онда кімнің көретінін білмеймін... Сондықтан жатып алып сыншы болмай, үнемі көріп, тамашалап, қоғамға белсенді араласу керек", – деді Марат Ахметжанов.

Талқылау