Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас жұбайлар мейрамханаға тікұшақпен келді: Ұшқыш әуе кемесін басқарудан шеттетілді

Азаматтық авиация комитеті Жамбыл облысында жас жұбайларды мейрамханаға тікұшақпен жеткізген ұшқышты әуе кемесін басқарудан шеттетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жас жұбайлар мейрамханаға тікұшақпен келді: Ұшқыш әуе кемесін басқарудан шеттетілді

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, оқиға болжам бойынша Шуда орын алған. Ұшқыш тікұшақты елді мекен аумағына қондырып, азаматтық авиацияда ұшу ережелерін бұзған. 

Инспекциялық комиссия Falcon Avia компаниясында ұшуды ұйымдастыру мәселелерін тексереді. 

«Қазақстандық БАҚ-та жарияланған видеода Falcon Avia компаниясына тиесілі R-44 тікұшағының елді мекен аумағына қонған сәті түсірілген. Әуе кемесінің капитаны Матвиенко ұшулардан шеттетілді», - делінеді хабарламада. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Жамбыл облысында жас жұбайлардың мейрамханаға тікұшақпен жеткен сәтінің видеосы тараған еді.

Талқылау