Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас бүлдіршіннің әнін сүйемелдеген Димаш Құдайберген жұртты сүйсінтті

Әлемдік әнші Димаш Құдайберген жас орындаушының әнін тізесін алақанымен ұрғылау арқылы сүйемелдеп тұр. Бұл туралы президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Димаш құдайбергенов

"Өткен жылы Димаштың қатысуымен жаңа жылдық бағдарлама үшін клип түсірілген еді. Елордада қар болмаған соң, Бурабайда жүргізілген түсірілім жұмыстары күні бойы жүрді. Үзіліс кезінде, жоспарлар түзіліп, декорациялар өзгерді, ал біз көңілді сөйлесіп, әр түрлі оқиғаларды есіне түсірдік", - деп өз парақшасында жазба қалдырған Ерлан Қарин Димашпен бірге өткерген уақытты есіне алып, тіпті, қызының танымал әнші алдында ән салып тұрған видеоны желіге салды.   

 

"Менің қызым Зере менімен бірге болды. Оның жасы үшін бұл күрделі ән, бірақ ол осы әнмен бірнеше ай бұрын музыкалық байқауда гран-приді жеңіп алды. Әрине, Димаш алдында ән айту қиын болды, ол толқып қалды, бірақ Димаш оны қолдады", - деді Карин.

Оқырмандар пост астына, Димаш Құдайбергенге талантты жас бүлдіршінді қолдағаны үшін алғыс айтты. "Мұндай қолдау болған кезде, ештеңе қорықпа, кішкентай әртіс", - деп жазды желі қолданушылары.

Талқылау