Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда жарты миллион пара алған шенеунік сотталып кетті

Қостанай ауданының әкімдігіне қарасты жер қатынастары бөлімінің басшысы бес жүз мың теңге пара алды деп айыпталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жарты миллион теңге көлемінде пара алған шенеунік сотталды

«Жеңіл» ақшаның буына масайраған шенеунік екі жыл жеті айға бас бостандығынан айырылды. Ол Қостанай облысында салынатын жылыжайға орын бөлу үшін жергілікті тұрғыннан бес жүз мың теңге көлемінде ақша алды деген күдікпен ұсталған болатын. 

«21 қазан күні Қостанай аудандық сотының үкімімен Сыздықов пара алды деген айып бойынша бас бостандығынан екі жыл жеті айға айырылды. Алдағы уақытта бұл азаматқа мемлекеттік мекемелерде дәрежелі қызмет атқаруға өмір бойы рұқсат етілмейді», - деп мәлімдеді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұйымы.

Талқылау