Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жарылыстан кейін қолынан айырылған әскери қызметкердің анасы Тоқаевтан көмек сұрады

Маңғыстау облысының Бейнеу аулындағы әскери палигон аумағында граната жарылуының салдарынан бір қолынан айырылған әскери қызметкер Сергей Кошелевтің анасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап, хат жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жарылыстан кейін қолынан айырылған әскери қызметкердің анасы Тоқаевтан көмек сұрады

Зардап шеккен әскери қызметкердің анасы Балапан Нұрмұқанова президентке жазған хатында ұлының салғырттықтың құрбаны болғанын айтқан.

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! ... Ол басшылықтың өз міндеттеріне салғырт қарауының құрбаны болды. Басшылық әскери қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жауап беруге міндетті. Алайда дәл осы жағдайда істің жай-жапсары жасырылып отыр. Мен Сізден Қазақстан Республикасының президенті ретінде, мемлекеттің қарулы күштерінің Бас әскери қолбасшысы ретінде істің тергелуін бақылауға алуыңызды сұраймын», - деп жазған хатта әскери қызметкердің анасы.

Зардап шегушінің анасының сөзінше, сол күні полигон аумағында оқу-жаттығу емес, нұсқау беру-әдістемелік сабағы өтуі керек болған. Ал мұндай кезде жауынгерлік граната қолданылмауы тиіс, дейді.

«Зымыран-артиллериялық каруландыру қызметінің орны қазір айтылып жатқандай алыста емес, жақын жерде орналасқан. Онда оқ-дәрілер, барлаушылардың пышағы, граната, сапер күрегі болған. Жарылыс кезінде жауапты тұлғалар плакаттарды іліп жүрген. Полк командирі оқиғадан кейін ғана жауынгерлік гранаталарды беру туралы бұйрыққа қол қойып, шұғыл түрде барлық әскери қызметкерге қол қойдырылған. Ал менің ұлымның қолы жалған болып табылады», - дейді Балапан Нұрмұқанова.

Еске сала кетсек, оқиға 17 шілдеде Бейнеу аулындағы полигон аумағында орын алған еді. Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан тергеу материалдары бойынша, әскери қызметкері қауіпсіздік техникасын бұзған болуы мүмкін. Егер оның кінәсі дәлелденсе, мүлікті зақымдағаны үшін 6 миллион теңге көлемінде айыппұл төлейді. 

Алайда Сергейдің өзі кінәсіз екенін айтып отыр. Себебі қолымдағы жауынгерлік граната екенін білмедім, дейді. Тіпті, снарядтардың жауынгерлік екенін өзге әріптестері де білмегенін айтады. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Әр нәрестенің өз несібесі бар": Динара Сұлтан алтыншы сәбиін дүниеге әкелмек

Әнші: Иман - дүниеге келгенде, өміріміздегі шешілмей жүрген маңызды проблемалар шешілді

Оралда қызды қағып кеткен полиция қызметкерін бейнеге түсірген блогерге ескерту жасалды

Айболат Бөкенов полицейлердің айыптауымен келіспейтінін айтты

Ділназ Ахмадиева: Бұл сәбиді мен ғана емес, бүкіл Қазақстан күткен сияқты

Әнші сәбиінің жынысын анықтай алмай жүргенін айтты

Ақтөбеде анасымен бірге оңалту орталығына барған мүгедек оқушы үйіне жүкті болып қайтты

Қала мектептерінде үш оқушы қыз жүкті болып қалған

Диета мен жаттығуға бас қатырмасаңыз болады: Ғалымдар арықтаудың ең оңай жолын тапты

Эксперимент жүргізуге 12 апта жұмсалды

Көпбалалы отбасыға 20 мың беремін деген Гүлнәз Жоланова уәдесін ұмытып кеткен

Мұхит Сапарбаев артынша қуып жүріп 10 мың теңге алғанын айтты

"Сен ешкімге керек емессің!": Күйеуі 15 жасында тұрмысқа шыққан әйелінің мұрны мен қабырғасын сындырып жіберген

Қазір "Олимптің" басқа да экономикалық қылмысқа қатыстылығы тексеріліп жатыр

Жұмыссыз қалған қазақстандық әйелін ұрып, ішіндегі баласын түсіріп тастады

Күйеуі ауруханаға түскен әйелін бір де бір рет іздеп келмеген

Баландин АҚШ-тағы олимпиададан алтын алды

Ал екінші және үшінші орын АҚШ спортшыларына бұйырды

Бауыржан Есебаев: Маған әнім үшін төсек қатынасын ұсынған қыздар көп болды

Алайда сазгер бұл ұсыныстардың бәрінен бас тартқанын айтады
Çàãðóçêà...