Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жарылыс дыбыстары естіледі: Қорғаныс министрлігі Арыс тұрғындарынан үрейге бой алдырмауын сұрады

Қазақстанның қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев Арыс тұрғындарына қатысты мәлімдеме жасап, қалада жарылыс дыбысы естілген жағдайда үрейге бой алдырмауға шақырды. Себебі оқ-дәрі бөлшектерін жою бойынша жұмыстар басталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Желіде Арыстағы оқ-дәрінің видеосы тарады. Министрлік мәлімдеме жасады (видео)

Вице-министрдің сөзінше, қазіргі уақытта оқ-дәрі бөлшектерін жою жұмыстары басталды.

«Қарулы күштердің бөлімдері жұмыс күндері сағат 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жою жұмыстарын жүргізеді. Тасымалдауға жарамайтын бөлшектер арсенал аумағында жойылатын болады. қалған бөлшектер Арыс қаласының солтүстігінен 60 шақырым жердегі полигонға жеткізіледі. Жою кезінде жарылыс дыбыстар естіледі. Ол тұрғындар үшін қауіп төндірмейді. Қорғаныс министрлігі үрейге бой алдырмауды сұрайжы. Жою кезеңдерін жүргізудегі қауіпсіздік бойынша тиісті шаралар қабылданды», - дейді Дәндібаев.

Талқылау