"Жарылғыш заттар жарып, айқайлаған": Алматыда шу шығарған студенттердің әрекеті үшін жатақхана коменданты жазаланды
20 ақпанға қараған түні Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің студенттері жатақхананың жанындағы көшеге шығып, петарда жарылғыш заттарын жарып, айқайлап, шу шығарған. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде пайда болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Тыныштық бұзылғаны туралы хабарлама түн ортасында келіп түскен.
"Электр қуаты үзілген уақытта тұратын университеттердің бірінің студенттері көшеге шығып, петардаларды жарып, айғайлап, ысқырып, өздерінің әрекеттерімен жақын маңдағы үйлердің тұрғындарының тыныштығын бұзған", – делінген полиция мәліметінде.
- "Дүкендерді, мешіттерді паналадық": Түркиядағы қазақстандық студент елдегі соңғы жағдайларды айтып берді
- Қазақстанда 5 колледж студенттерді лицензиясыз оқытқан
Бұған жол берген жатақхана коменданты ҚР ӘҚбК-нің 437-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Университет басшылығымен бірлесе отырып, студенттер арасында құқықтық-түсіндірме әңгіме жүргізілді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген