"Жарылған баллондардың дауысы естіледі”: Қостанай маңындағы ауылда тұрғын үйлер өртеніп жатыр
Қостанай қаласының маңында – облыс орталығынан 7 шақырым жерде орналасқан Заречное ауылында тұрғын үйлер өртеніп жатыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Наша газета басылымына сілтеме жасап.
“Заречныйда өрт шықты. Куәгерлердің айтуынша, қазірдің өзінде бір үй өртеніп, жалын басқа үйлерге тараған. Жарылған баллондардың даусы естіледі”, – делінген сейсенбіде тараған ақпаратта.
Дереккөз өрттің ипподром аумағында орын алғанын атап өтеді.
“Сумен қамтамасыз ету ұйымдастырылып жатыр. Тағы бір үй өртеніп кетті”, – делінген ақпаратта.
Талқылау