Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Жарасады екен": Луина жүкті екенін көрсетіп әзілдеді (видео)

Луина жүкті екенін көрсетіп әзілдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі әнші Луина жігітімен бірге түскен бейнежазбаны желіге жүктеп, жұртты күлдірді. Ол жасанды іш салып алып, жүктімімін деп әзілдескен. Бір көргенде өнер иесін шынымен де нәресте күтіп жүрген анаға ұқсатасың. Соған қарағанда Луинаның аналық сезімі оянып, балалы болғысы келіп жүрген сияқты.

Желідегілер бейнежазбаны көріп таңданыстарын жасыра алмады. Алайда, оларға әншінің жігітінің өзін ұстағаны ұнамай қалған болуы керек. Өйткені сіз жігітіңізді қаттырақ жақсы көретін сияқтысыз деп әншіні сөгіп тастаған. Жұрт Луинаға жарыса пікір жазып, ойларын ортаға салды.

"Сіздің жігітіңізге қызық емес сияқты", "Ол сізді жақсы көрмейді", "Жгітіңіз мұндай жаңалықтарға дайын емес. Бірден көңілі түсіп кетіпті", "Жігітіңіздің өзі бала сияқты", "Екінші жартыңыз қуанышты емес", - деп пікір білдірді.

Жұрттың бірі Луинаның жігітін сөксе, енді бірі әншіге шынымен де ана болу бақытын тілеп, осы бейненің өзіне жарасатынын айтып қуантқан.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

👶or👧?or 👧👶?

Публикация от 𝓛𝓾𝓲𝓩𝓪 (@luinaofficial)

"Ішіңіз мұндай үлкен болмайды. Өйткені сіз өзіңіз арықсыз", "Сізге қатты жарасады екен", "Бақытты болыңыз, балаларыңыз көп болсын", - десті жұрт.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр