Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Жарадыңдар": Екі отбасыға үй алып берген жұлдыздар жұрттың ықыласына бөленді (видео)

Екі отбасын қуанышқа бөлеп, үй сыйлаған өнер адамдары жұрттың ықыласына бөленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Отандық өнер иелері рамазан айында мұқтаж отбасыларды қуантып, үй сыйлады. Бұл жайлы Ақбота Керімбекова желідегі парақшасында жазды. Тіпті, үйдің кілтін тарту етіп жатқан сәттің видеосы да жарияланған. Екі отбасын қатар қуанышқа бөлеген жұлдыздар халықтың батасын алды.

"Бүгінгі күніміз үшін Аллаға сансыз шүкірлер болсын. Қасиетті рамаз айында барша өнердегі аға-әпкелеріміз, достарымыз, бауырларымыз жиналып, екі отбасыға екі үлкен үйдің кілтін табыс еттік. Барша қазаққа үйлі, балалы-шағалы болуды нәсіп етсін", - деп жазды Ақбота Керімбекова.

Жұлдыздар үй сыйлаған отбасылардың қуанышында шек болмады. Олар алғыстарын айтып, жасаған жақсылықтарыңыз екі еселеніп қайтсын деп тілек білдірді. Өнер адамдары тек үйдің кілтін сылап қана қоймай, отбасындағы балалардың барлығына жеке-жеке ойыншықтар, киімдер тарту еткен.

"Алла разы болсын", "Жақсылық жасап жарысқан қандай күшті", "Жарадыңдар!", "Керемет жансызда, Алладан қайтсын", - десті жұрт.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр